---
title: "«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен жиында талқыланды"
description: "Ағымдағы жылғы 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аймақ басшысы Е.Х. Сұлтанов, с..."
author: "finpolsko"
published: "2016-03-29T01:08:22+00:00"
modified: "2016-03-29T01:08:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-iske-asyrylu-barysy-solt-stik-aza-stan-oblysyny-kimdiginde-tken-zhiynda-686044"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-iske-asyrylu-barysy-solt-stik-aza-stan-oblysyny-kimdiginde-tken-zhiynda-686044/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен жиында талқыланды

> Ағымдағы жылғы 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аймақ басшысы Е.Х. Сұлтанов, с...

![«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен жиында талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Am8RM18Bm5ahYqNWbDQjm7TlCSMd6k.jpg)

Ағымдағы жылғы 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде аймақ басшысы Е.Х. Сұлтанов, сондай-ақ жергілікті атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысын талқылау жөнінде кезекті селекторлық жиыны өтті.

Ұлт жоспарында айқындалған І институттық реформаның іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Н. Зайцева есеп берді.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша бірінші тұғырлы реформаны сүйемелдеу мақсатында осы жылдың 1 қаңтарынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы күшіне енді.

![«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен жиында талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/o52xz1Hg6Nkjg2Zrl0O854p8H64S5B.jpg)

«Мемлекеттік қызмет туралы заңның басты мақсаты - конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қызметкерлерді біліктілігіне сай мансаптық жоғарылату қағидасын іс жүзінде жүзеге асыру болып табылады. Біліктілікке қоса мамандардың төменгі лауазымдардағы еңбек өтілі де есепке алынатын болады. Қоғаммен артылған жоғары сенімді ақтау үшін мемлекеттік қызмет жүйесінде қолдампаздық, непотизм сынды жағдайларының орын алуын жоққа шығаруға тиіспіз. Қазіргі уақытта 28 ішкі конкурс жарияланды. Осы орайда бос лауазымдарға орналасу талаптары күшейтілгендігін атап өткім келеді. Министрліктің тапсырмасына сәйкес конкурстық комиссиялар жұмысының объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз ету үшін отырыстарда бақылаушылар мен сарапшылардың қатысу тәжірибесін одан әрі жалғастыру қажет. Сондықтан оларды жылдың соңына дейін өткізілетін барлық конкурстарға қатыстыратын боламыз»,- деді Светлана Зайцева.

Бүгінгі таңда облыста 5013 штаттық бірлігі бар 542 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Осы уақытта жұмыспен қамтылған мемлекеттік қызметшілердің саны 4584 адамды құрайды.

![«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өткен жиында талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/k48NM2Q9i47327J3JtUhIrA1iEzb69.jpg)

Баяндамасын түйіндеген Светлана Зайцева, заңнамаға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, конструктивті ұсыныстарды Департаментке жолдау қажеттігін тілге тиек етті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-iske-asyrylu-barysy-solt-stik-aza-stan-oblysyny-kimdiginde-tken-zhiynda-686044](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-iske-asyrylu-barysy-solt-stik-aza-stan-oblysyny-kimdiginde-tken-zhiynda-686044)