---
title: "«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді"
description: "«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» ..."
author: "AnticorrsluzhbaKzo"
published: "2015-08-06T22:34:11+00:00"
modified: "2015-08-06T22:34:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyny-aspektileri-tikeley-efirde-t-sindi-527560"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyny-aspektileri-tikeley-efirde-t-sindi-527560/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді

> «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» ...

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасының аспектілері «тікелей эфирде» түсіндірілді2015 жылғы 6 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы М.О.Оразали «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасының «тікелей эфиріне» қатысты. Бағдарламаның басты тақырыптары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» атты бірінші институционалдық реформасы, Департаменттің негізгі міндеттері мен қызметтік бағыттары, I жартыжылдықта атқарған жұмыстары, мемлекеттік қызметті өткеру, Тәртіптік кеңестің жұмысы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде болды. «Қызметке деген адалдық, еңбексүйгіштік, Отанға деген патриотизм – Елбасының мемлекеттік қызметкерлер алдына үнемі қойып келе жатқан талабы екені мәлім. Енді осы талаптар мемлекеттік қызметтің есігін алғаш аттаған жас маманның бойына нақты қадамдар арқылы сіңірілмек.» - деп атап өтті М.Оразали. Сонымен қатар, тікелей эфир барысында қойылған мемлекеттік қызметке тұру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, алдағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау, еңбекақы төлеудің жаңа әдісі жөніндегі сұрақтарға жауап берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyny-aspektileri-tikeley-efirde-t-sindi-527560](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-birinshi-institucionaldy-reformasyny-aspektileri-tikeley-efirde-t-sindi-527560)