---
title: "«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жүзеге асырылуын білім саласы қызметкерлері талқылады"
description: "Кеше, 2016 жылдың 13 қаңтарында білім беру саласы қызметкерлерінің кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-01-14T06:33:45+00:00"
modified: "2016-01-14T06:34:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhospary-zh-zege-asyryluyn-bilim-salasy-yzmetkerleri-tal-ylady-671483"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhospary-zh-zege-asyryluyn-bilim-salasy-yzmetkerleri-tal-ylady-671483/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жүзеге асырылуын білім саласы қызметкерлері талқылады

> Кеше, 2016 жылдың 13 қаңтарында білім беру саласы қызметкерлерінің кеңейтілген жиналысы өтіп, онда ...

![«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жүзеге асырылуын білім саласы қызметкерлері талқылады](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/gu49nh49FZzpzd5gjoW0CapHEZl2Ge.jpg)

Кеше, 2016 жылдың 13 қаңтарында білім беру саласы қызметкерлерінің кеңейтілген жиналысы өтіп, онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттер талқыланды.

Жиналыс отырысына облыс әкімінің орынбасары, қала және аудандар әкімдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, департаменттер, басқармалар басшылары мен директорлары, кәсіподақ ұйымдарының облыстық басшылары және аудандық өкілдері, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары және әдістемелік кабинеттер меңгерушілері, колледж, мектеп директорлары және орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері, қосымша білім беру педагогтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиналыста Жолдауда көрсетілген міндеттер, экономика мен еңбек нарығының дамытудағы техникалық және кәсіби білім бері жүйесінің рөлі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Басшының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы м.а. Мирболат Сүйеуұлы Нұртазиннің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша 15 қадамын іске асырудағы жұмыстар туралы» атты баяндамасы қызығушылық тудырды. М.С.Нұртазин өз сөзінде Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің постсоветтік кеңестікте мемлекеттік қызмет институтын бірінші болып құрғаны, аталған институттың бірегейлігі және меритократия, тиімділік, нәтижелік, транспаренттілік және қоғам алдындағы есеп беруге принциптеріне негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендірудегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамда рухани-өнегелік тәрбиелеуге қажеттілік артып және мемлекеттік қызметшілерге талап олардың өз лауазымдық міндеттерін кәсіби деңгейде орындауда ғана емес, және де моралды-этикалық сапасы маңызды болып отыр. Бұның барлығы жаңа Этикалық кодексте көрсетілген.

Аталған шара аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 

** **

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhospary-zh-zege-asyryluyn-bilim-salasy-yzmetkerleri-tal-ylady-671483](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-lt-zhospary-zh-zege-asyryluyn-bilim-salasy-yzmetkerleri-tal-ylady-671483)