---
title: "100 нақты қадам: Ел ертеңі – білімді ұрпақ!"
description: "Бүтін елді қамтыған бұл бастама біздің өңірде де қызу жүзеге асырылуда. Жергілікті партия өкілдері ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-13T22:21:06+00:00"
modified: "2015-09-13T22:21:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-el-erte-i-bilimdi-rpa-540104"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-el-erte-i-bilimdi-rpa-540104/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 100 нақты қадам: Ел ертеңі – білімді ұрпақ!

> Бүтін елді қамтыған бұл бастама біздің өңірде де қызу жүзеге асырылуда. Жергілікті партия өкілдері ...

Бүтін елді қамтыған бұл бастама біздің өңірде де қызу жүзеге асырылуда.

![100 нақты қадам: Ел ертеңі – білімді ұрпақ!](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/PMo600BihfsigGKxv0f6mAgA82KmW4.png)

Жергілікті партия өкілдері де өңір өрендерін ортаға алып, оларға орасан зор көмек көрсетуде. Келешегін кемелдендіруге күш салуда. Түсініктірек айтсақ, тәлім алушылардың түлек атанғанған соң жоғарғы оқу орнына түсуіне жағдай жасауда. Ата-ана қамқорлығына зәру жеткіншектерге жеке шот ашып, қалаған мамандығын оқуға қажетті қаражат жинауда.

Жоба аясында жергілікті партия өкілдері жетім әрі ата-ана қамқорлығынан ада деп есептелетін 5 жеткіншекке жәрдем көрсетті. Оларға алғашқы салымы бар сертификат табыс етті. Бүгінгі балғын, ертеңгі студенттің өмірін өзгертуге өзімнің үлесімді қосам деушілер енді шәкірттер шотына ақша аударып тұрмақ. Бұл қоғамдық шарадан Қостанай ауданы да қалыс қалып жатқан жоқ. Үлгілі үрдіс аясында затоболдықтар үш балаға есеп-шот ашып беріп отыр

Осылайша оқушылардың алдағы өмірін осы бастан ойлаған жарқын жоба шәкірттер жүрегіне жылылық пен үлкен үміт ұялатты. Ал, партиялықтардың пікірінше, бұл бастама - бала шақтан болашаққа жасалған игі де, ізгі қадам.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-el-erte-i-bilimdi-rpa-540104](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-el-erte-i-bilimdi-rpa-540104)