---
title: "«100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары"
description: "Алматы қаласы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге ас..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-10T05:48:13+00:00"
modified: "2015-12-10T05:48:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-birt-tas-bolasha-ty-ba-dary-667005"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-birt-tas-bolasha-ty-ba-dary-667005/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары

> Алматы қаласы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге ас...

Алматы қаласы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары» атты доңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті ұйымдастырды.

Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқының кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары Абдалиева Маргарита Абубакирқызы өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институтционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттары мен міндетемелеріне қысқаша тоқтала келе, сөзді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Геннадий Данияровқа берді. Г. Данияров «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асы­ру мақсатындағы 15 қадамына (слайдты қолдана отырып) тоқтала келе, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы, барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында, ғылыми–эксперттік топтың мүшесі – Ананева Светлана Викторовна, Алматы қаласы Осетин этномәдени орталығының төрағасы – Мансұров Қазыбек және «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мүшелері сөз алып, Ұлттық Жоспарда бірлік пен біркекілікті нығайту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды жетілдіру және саяси мәдени тұжырымдамаларына толықтыру енгізу мәселелеріне тоқталды.

Отырыстың қортындысы бойынша бес институтционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын Алматы қаласы тұрғындарының арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыру жайлы ұсыныстар енгізілді.

![«100 нақты қадам» біртұтас болашақтың бағдары](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/iE19eoW2zxFufkER67USAyKerQEy9O.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-birt-tas-bolasha-ty-ba-dary-667005](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-birt-tas-bolasha-ty-ba-dary-667005)