---
title: "«100 нақты қадам» — Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары"
description: "1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ..."
author: "AnticorrsluzhbaKzo"
published: "2015-08-06T05:40:43+00:00"
modified: "2015-08-06T05:40:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-aza-stan-respublikasyny-damy-an-memleketterdi-otyzdy-yna-kiru-zh-nindegi-zhospary-527469"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-aza-stan-respublikasyny-damy-an-memleketterdi-otyzdy-yna-kiru-zh-nindegi-zhospary-527469/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «100 нақты қадам» — Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары

> 1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ...

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-aza-stan-respublikasyny-damy-an-memleketterdi-otyzdy-yna-kiru-zh-nindegi-zhospary-527469](https://yvision.kz/kk/post/100-na-ty-adam-aza-stan-respublikasyny-damy-an-memleketterdi-otyzdy-yna-kiru-zh-nindegi-zhospary-527469)