---
title: "10 қадам жобасын орындау аясында"
description: "2017 жылдың 01 шілдеде Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Департамент басшысы Б. Исақовтың және сыбайлас..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-07-03T08:29:58+00:00"
modified: "2017-07-03T08:29:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/10-adam-zhobasyn-oryndau-ayasynda-772109"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/10-adam-zhobasyn-oryndau-ayasynda-772109/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 10 қадам жобасын орындау аясында

> 2017 жылдың 01 шілдеде Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Департамент басшысы Б. Исақовтың және сыбайлас...

2017 жылдың 01 шілдеде Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Департамент басшысы Б. Исақовтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының қатысуымен БҚО Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының емтихан қабылдау бөлімінің жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет жұмысына бақылау жүргізілді.

Департамент басшысымен БҚО Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының емтихан қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобымен халыққа қызмет көрсету орталығында да азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары және азаматтарға құқықтық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/10-adam-zhobasyn-oryndau-ayasynda-772109](https://yvision.kz/kk/post/10-adam-zhobasyn-oryndau-ayasynda-772109)