---
title: "1-ші күн"
description: "1-ші күн Салем достар!Бүгін біздің экспедицияның бірінші күні және ол пойызда басталды.Барлығы Аста..."
author: "jbhUGHbGHblBIn6596"
published: "2013-07-11T16:08:22+00:00"
modified: "2013-07-11T16:08:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/1-shi-k-n-362482"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/1-shi-k-n-362482/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 1-ші күн

> 1-ші күн Салем достар!Бүгін біздің экспедицияның бірінші күні және ол пойызда басталды.Барлығы Аста...

1-ші күн

Салем достар!Бүгін біздің экспедицияның бірінші күні және ол пойызда басталды.Барлығы Астанаға келер кезді асыға күтті.Келген кезде бізді «DANA tour»компаниясының гидтері қарсы алып « G-impier» қонақ үйіне апарды.Бұл қонақ үйдің бәріне бірдей ұнағанына күмәнім жоқ.

Орналасып болған соң біз бас қаламыз Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне бардық.

![1-ші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/jbhughbghblbin6596/y2GHoVa6no1nEajkw6pe13e70ukaJk.jpg)

Ол жерде бізді 12 сынып оқушылары Самал мен Зарина қарсы алды.Олар бізге өзінің алғашқы экспедициялары туралы айтып жаңа ұсыныстар мен ақыл-кеңестер айтты.Сонан соң біз мектеппен таныстық,өте қызықты болды.

![1-ші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/jbhughbghblbin6596/pM9o6BEXjObhX9n9pquRJD333iXElR.jpg)

![1-ші күн](https://storage.yvision.kz/images/user/jbhughbghblbin6596/nT5o0kWP26xHYgXVYcpPs60rVpoBr9.jpg)

Кешкі ас ішіп болған соң біз Астананың көркем жерлерін тамашаладық.Ол жердегі ғимараттардың бәрі бір-бірінен ерекше тұрғызылған.Мұндай әсем бас қаламызды көріп,оның барлық Еуропалық стандарттарға сай екенін көрдік.

Бүгін өте қызықты күн болды,ертеңге дейін сау болыңыздар!!!!!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/1-shi-k-n-362482](https://yvision.kz/kk/post/1-shi-k-n-362482)