---
title: "1 наурыз \"Nur Otan\" партиясының құрылған күні"
description: "«Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісі..."
author: "djambul.nurotan.kz"
published: "2021-03-01T03:31:53+00:00"
modified: "2021-03-01T03:31:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/1-nauryz-nur-otan-partiyasyny-ryl-an-k-ni-924850"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/1-nauryz-nur-otan-partiyasyny-ryl-an-k-ni-924850/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 1 наурыз "Nur Otan" партиясының құрылған күні

> «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісі...

«Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін саяси және әлеуметтік-экономикалықмаңызы бар шешімдердердіңқабылдануына зор ықпал жасап,олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отыруда.

Еліміздің жетістіктері барлық партияластардың еңбекқорлығымен, сондай-ақ партиялық бағдарламаларды қолдайтын, жалпыұлттық және жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты.

Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс.

Алғыс айту мерекесімен қатар келген бүгінгі партия күнінде партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілейміз!

«Nur Otan» партиясының Жамбыл аудандық филиалы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/1-nauryz-nur-otan-partiyasyny-ryl-an-k-ni-924850](https://yvision.kz/kk/post/1-nauryz-nur-otan-partiyasyny-ryl-an-k-ni-924850)