---
title: "«017 AV» жүргізушісіне айыппұл салыныпты"
description: "Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынд..."
author: "zannawliza"
published: "2017-07-01T01:30:36+00:00"
modified: "2017-07-01T01:30:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/017-av-zh-rgizushisine-ayypp-l-salynypty-771933"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/017-av-zh-rgizushisine-ayypp-l-salynypty-771933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «017 AV» жүргізушісіне айыппұл салыныпты

> Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынд...

Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынды деп жазады Tengrinews.kz дегілер.

Айта кетейік, бұл сурет өткен аптада жарияланған болатын. "Астана қалалық ІІД-нің ЖПҚ қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі 017 AV Mercedes маркалы көліктің баспалдақ алаңына шығып кеткені түсірілген суретті зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 1-бөлігі ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ІІД өкілдері. Сонымен қатар, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жүргізушімен алдын алу әңгімелесу шарасын жүргізілгені айтылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/017-av-zh-rgizushisine-ayypp-l-salynypty-771933](https://yvision.kz/kk/post/017-av-zh-rgizushisine-ayypp-l-salynypty-771933)