Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:27, 28 марта 2011

“Біз – Қазақпыз!” КВН – шілері “Гран приді” еншіледі!

12 – наурызда Кереку қаласында «Қазақ КВН, Кереку лигасына – 5 жыл!» деген атпен студенттер лигасының V – маусымашар ойыны өтті. Онда қаламыз Екібастұздан “Біз – Қазақпыз!”, “Kz-stayle”, «Періштелер» (ЕИТИ), «Тіл тимесін!» (ЕКИТИ) және ауылдық өңірдің өрендерінен құралған «Ақкөл» КВН командалары өнер көрсетті. Сайыс қорытындысында Қ.Пішенбаев атындағы № 18 кәсіптік лицейінің “Біз – Қазақпыз!” КВН – шілері Бас жүлде - “Гран приді” еншіледі. Ал «Тіл тимесін!» (ЕКИТИ) командасы «Ең үздік әзіл» номинациясын жеңіп алды. Осыған орай  “Біз – Қазақпыз!” КВН – шілерімен сыр бөліскен едік...

- Жеңістерің құтты болсын, жігіттер!

- Рахмет!!! Мүмкіндікті пайдаланып, бізбен бірге Керекуге барған барлық командаларға (“Kz-stayle”, «Періштелер» (ЕИТИ), «Тіл тимесін!» (ЕКИТИ) және ауылдық өңірдің өрендерінен құралған «Ақкөл» КВН командаларына) ризашылығымызды білдіреміз. Өйткені бәріміз де Екібастұз қаласының намысын қорғадық қой!

- Өте орынды. КВН - командалық ойын, дегенмен “Гран при” үшін кім қаншалықты тер төкті?

- Оныңыз раc. Әрбір әзілдің астарына сай, әуенмен әрлеуші – диджей әрі бірер жас үлкендігі бар ағамыз – Ұлан Құмарбеков. Ауызекі айтылған әзілдің шырайын кіргізуде ол таңдаған музыкалардың мән – мағынасы мол болды. Ойын барысында әзілдерге езутартқызар, ерке әуенді тамыршыдай дәл тауып отырды. Сондай – ақ өткен жылдың желтоқсан айында Астана қаласындағы республикалық кәсіпорындарды индустрияландыру тұсаукесерінде – президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың “қолын алып” қайтқан таукен шахтері де осы жігіт. Ал енді Елбасының “қолын алмаса” да, атын алған Нұрсұлтан Жүнісов деген жігітіміз Екібастұз қаласының нағыз «халық әртісі». Сахна төрінде түрлі күлкілі көріністер көрсететін менің негізгі әріптесім. Екеуміз құстың қос қанатындаймыз. Тағы бір мүшеміз Қуаныш та КВН-нің хас шебері. Ал мен  – Максим (Мағжан Жұмабек) қалалық мәдениет орталығы

“Өнерге” еңбегі сіңген “Өнер қайраткерімен” дегендей... (күледі) Байқасаңыз, төртеуміз де теңдей тер төккен сияқтымыз.

-         Солай сияқты, болар елдің ұлдары осылай сөйлесе керек-ті. Сонымен өздерің күн, ай, жұлдыз сияқты астраномиялық аурулардан амансыңдар ма?

-         - Жұлдыз қайда, біз қайда?! Әзірге ол дәрежеге жеткен жоқпыз...

-         Дегенмен... “жеткен жоқпыз” деп жүріп, кеудесін көтеретіндер көп қой...

-         Жо – жоқ... Абай атамыздың: “Адам бір – боқ көтерген боқтың қабы, Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Менімен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі – ол баяғы”, - деген өлең жолдары үнемі есте тұрады!

-         Дұрыс – ақ ! Абайдың қарайды екенсіңдер, сол Абай аталарыңда жастар жайлы: “Күлмеңдеп келер көздері, Қалжыңбас келер өздері. Кекектеп, сесек етем деп, Шошқа туар сөздері,” – деген өлең жолдары бар. Оған не дейсіңдер?

-         Әңгіме жоқ, Абай атамыз дұрыс айтады. Біз сол өздері де, сөздері де “шошқаларды” халал (адал) қылу үшін қарекет етіп жүрміз ғой, енді...

-         Жарадыңдар! “Сөз тапқанға қолқа жоқ.” Енді бірер сөз... Биыл тікелей өздерің бас болып, “Екібастұз КВН Лигасын” құрып, маусымашар  ойын ұйымдастырдыңыздар. Көңілдерің тола ма?

-         Артық – кеміне КВН сүйер қауым өздері баға бере жатар. КВН – шілер – жалын атқан жастар ғой бәрі. Кемшін тұстары ұшырасып жатса, «Көш жүре түзелер» дейміз!

-         Солай дейік, “Екібастұз КВН Лигасын” ұлттық идеологияны негізге ала отырып құрған боларсыңдар...

-         Әлбетте! Таңдайында ұлттық нәрі бар, тал бойында қазақ деген қаны бар әрбір азамат ең алдымен тұған ұлты үшін іс - әрекет еткені абзал. Ал ұлт тақырыбы – “мәңгіліктің мәңгілік тақырыбы.” Сондықтан ұлттық құндылықтарымызға жанашырлықпен қарап, көздің қарашығындай сақтау баршамыздың азаматтық парызымыз. Сондай – ақ...

-         Бәрекеді, бәрекелді... Мақсаттарыңа жетіңдер! Алда қандай жоспарларың бар?

-         Біз кім болсақ та, саяси өмірден еш тыс қала алмаймыз. Сондықтан Сәурдің 3 – жұлдызында өтетін президенттік сайлауда бір кісідей атсалысы біздің де борышымыз. Сосынғысы ағымдағы күнделікті жұмыстар...

-         Жақсы! Сөз соңын, әдеттегіше, әзілмен аяқтасаңдар қалай болады?

-         Жарайды, айтып көрелік! Бір күні бір Қазақ балық аулап отырып, орыс балық ұстап алыпты. Балық: - Босат, жібер деймін, иттің баласы, әйтпесе, ағама айтам! – деп айқайлапты. Сонда Қазекең: “ – Ағаң кім еді, сонша, Екібастұздың Әкімі ме еді?! – дейтін көрінеді.

-         Хи – хи - ха ” Кәсіптерің нәсіпті болсын, көңілді әңгімелерің үшін көп рахмет!

 

“Екібастұз КВН Лигасының”

Ақпараттар бөлімі.

Blog post imagehttp://my.mail.ru/mail/ekb-kazkvn/

0
1416
0