Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
23:43, 17 декабря 2010

Максим ұйымдастырған “Тәуелсіздік кубыгы”

Өзгені қайдам, Екібастұздық қазақ КВН – шілері Тәуелсіздік мерекесін атаусыз қалдырған жоқ. Өйтуге хақылары да жоқ еді. Өйткені қаламызға, қала берді Кереку өңіріне “Максим” деген атпен таныла бастаған таланты жас, Қазақ КВН – і Екібастұз қалалық лигасының президенті, Қ. Пішембаев атындағы № 18 кәсіптік лицейі шәкірттері негізінде құрылған “Біз – Қазақпыз!” КВН командасының капитаны – Мағжан Жұмабек ұлы мерекеге арнап, “Тәуелсіздік кубыгы” атты Қазақ КВН – ін ұйымдастырды. Аталған мерекелік шара жөнінде Максим бауырымыздың өз аузынан естігенді жөн көрдік. Қашанғы дағдысынша Мәкең қарбалас жұмыс үстінде екен...

- Ал, Максим, айта отыр КВН – нің қызықтарынан.

- Қызықтан бұрын, қыжылдан бастағым келіп отыр!

- Ойбай, не дейді? Қызық десем, қыжылың не, қыраным?!!

- Қайда қарасаң да жаныққан жаңа жылдық жарнама! Ең ұлық мерекеміз – Тәуелсіздікті ардақтап, әспеттеуге болмай ма?!. Шын ұлттық ниет болса, Тәуелсіздік тойын тасада қалдырмауға болады екен. Сол себепті де төл мерекеміздің құрметіне “Тәуелсіздік кубыгы” ұйымдастырдық.

 

-         Пах, шіркін! Қыжылды қойып, енді қызыққа көш. Қанша команда келді қайдан келді?

-         Барлығы бес команда, - үшеуі – (“Бесбармақ”, “Жастар мектеп құрамасы”, “ЕИТИ” (Екібастұз қаласының техникалық колледжі)) Екібастұздан және екеуі – (“Ыржи”, “Тарлан”) Кереку қаласынан. Тартысты додада “Бесбармақ” пен “Жастар мектеп құрамасы” “жынды” өнер көрсетіп, жиылған жұртқа жарасымды әзілдерін тарту етті. Әсіресе, елдің езуін жиғызбаған Керекулік “Ыржи” командасы бірінші орынды жеңіп алды. Тиісінше II – орын “Бесбармақ”  III – орын “Жастап мектеп құрамасына” бұйырды. “ЕИТИ” 4 – орын иеленсе, “Тарлан” артынан санағанда I – орын алды.(жымияды)

Blog post image

-         А... “артынан санаған” деген де бар ма еді? Айтпақшы, номинациялар бойынша жүлде тағайындадыңдар ма?

-         Әлбетте, “Ең әдемі әзіл” номинациясын “Тарлан” командасы, “КВН ханзадасы “Ыржи” – дағы Алмас деген әзілкеш, ал “КВН ханшайымын” “Бесбармақ” – тың Хакім деген қылжақбас жігіті қанжығасына байлады.”

-         Қалай, қалай, “КВН ханшайымы” қызға берілмеуші ме еді? Хакім... сонда деймін  - ау ... а...

-         Жо – Жоқ... Хакім қыздың ролін көп ойнады және қатарып ойнады. Сондай – ақ әзілдері әдемі болғанмен, әндері онша болмағасын, “Ең әуенді топ” номинациясы ешкімге берілмей иесіз қалды.

Жақсы,... бұл жарыста нендей тақырыптап қозғалды? Әрине, басты тақырып Тәуелсіздік болған шығар, десек те... Тақырып ауқымы өте кең болды. Жастардың бүгіні мен ертеңі, қазақ тілінің даму деңгейі, есірткіге қарсы күрес, парақорлықпен тірес секілді көптеген мәселелер – КВН мазмұны аша түсті. “Тәуелсіздік кубыгы” туралы “толғау” қысқаша айтқанда осылай. Бітті!

 

-         Әңгімеңе рахмет, Мәке! Қазақияның Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!!!

-         Рахметіңізге рахмет!

 

Әңгімелескен – Ердос Қоныс.

1
739
0