Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:56, 06 декабря 2010

Алаш ұлдары Алматты қолдайды!

Blog post imageҚазақстанның патриот жастары Лондонда ағылшын соты 200 сағат қоғамдық жұмыс істеп, үй тұтқынына алынып әрі 835 фунт стерлинг төлеуге үкім шығарған Алмат Самировты қолдау акциясын өткізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Алмат Самиров Лондонда оқып жатқан қазақ жастарының бірі. 23-қараша күні ол барда белгісіз біреулермен төбелесіп қалады. Жас жігіттің ағылшындарға жұдырық ала жүгіруіне себеп болған жайт – «Борат» фильмімен сусындап өскен ағылшын бозбалаларының Қазақстанды қорлай сөйлеуі еді.

Алматты жаладан арашалуға құрылған қозғалыс мүшелерінің айтуынша, олар жерлестерінің ішімдік ішіп алып төбелес ұйымдастырғанын қолдап отырған жоқ. Бірақ, Англияның заңнамасын ескеру кереу дейді. Яғни, Еуропадағы ең заңы қатал елдердің бірі саналатын тұманды Альбионда мас болып жасаған қылмысқа соттар түсіністікпен қарауға тырысады. Яғни, Алмат өзіне тағылар айыпты жеңілдету үшін мас болдым деп ақталған. Әрі Британ үкіметінен берілген мемлекеттік ақтаушы да жұмысты тез бітірудің жолы сол деп санаса керек.

Ал жастарға қозғалыс құрғызып «атқа қондырып» отырған мәселе – Алматтың қиын-қыстау күнде жалғыз қалып қоюы болып отыр. Яғни, оның соты болғанда елдіміздің Англиядағы елшілігінен жан адам барып қатыспаған. Біздің дипломаттар Қазақстанды қорламақ түгіл, қаралап жатса да қыңқ етпейтін шығар.

Blog post imageАлматты арашалу үшін бас біріктірген патриот жастардың көпшілігі кезінде шетелде оқып келген екен. Олар өздері де мұндай жағдаймен талай рет бетпе-бет келгендерін айтады.

Патриот жастардың қозғалысын құлағы шалған Мәжілістің кейбір депутаттары да мән-жайды сұрастырып, көмек қолын созуға дайынбыз деген ықыластарын білдіріпті. Оларға

Алматтың ісіне байланысты Лондондағы Қазақстан елшілігіне, Сыртқы істер министрлігіне депутаттық сауал жолдау жүктеліп отыр. Оны орындау енді депутаттардың арына сын.

Ал, жастардың талабы мынадай – Қазақстандағы Ұлыбританияның төтенше және өкілетті елшісі елінің бейпілауыздары үшін Алматтан ресми кешірім сұрасын!

Жастар қазір елшілікке хат жөнелтті. Жауап бермесе елшілік ғираматының алдында митинг өткіземіз деп отыр.

Қалай, халайық, қолдауға тұратын іс пе? Ендеше, сіз де қарап жатпаңыз. Айдаладағы ағылшындар қазақты қорлап, алаштың ар-намысын қорғаған бір ұлын жазықсыз «жөптеп» жатқанда жай жатқанымыз жарамас.

Бек ДАТҰЛЫ.

0
504
0