Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:48, 04 декабря 2010

Полицияны жетегіне алған «жеңгетай»

Blog post imageШуы көп Шымкентте полиция кезекті рет айықпас дауға қалып отыр. Дау емес-ау, жегі құрттай жайылқан жемқорлықтың жетегінде кеткен құқық қорғаушылар адам өлтіргендерге «араша» түсіп масқара болып жатыр.

Мәселенің мәні мынадай. Сарыағашта қылмыскерлер 15 жасар қызды зорлап, қинап өлтіріп кеткен. Оның мәйітін туысқандары арықтан тауып алды.

Бойжеткен жоғалып кеткен күні-ақ туыстары қызды белгісіз жаққа ертіп кеткен адамдарды полицияға өздері ұстап әкеліп берген. Олар Бахтияр атты жігіт пен Фируза атты жеңгетай келіншек екен. Қыздың туыстары тіпті күдіктілер полицияға кінәларын мойындағанын айтады. Алайда, «жеңгетай» келіншек құқық қорғаушылар өзін жібермейтін болса қай жерде қанша қызды олардың астына салып бергенін жайып саламын деп қорқытқан. Осыдан кейін полиция оны бостандыққа жібереді. Туыстары күдіктілер қызды полициядан босап шыққанан кейін өлтірген деп отыр.

Полицияның заңсыз істеріне наразы болған қыздың туыстары оның мәйітін алып Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне келген. Халық келген кезде зәрелері кеткен полицияның бірі қалмай бас ғимаратқа жиналып алған еді. Қызды артқан автобустың әйнегіне «ГРУЗ 200» деп жазылған. Мұндай жағдай бұрын болып көрген емес. Ашынған халық қылмыс әлемімен біте қайнасып, жемқорлыққа белшесінен Шымкенттің полициясынан әбден түңілген. Олар құқық қорғаушылардың қылмысын әшкерелеу үшін мәйітті арқалап жүріп наразылық көрсетуге дейін жетті.

Blog post imageМарқұм Зарипа Анарбаеваның ағасын да осыдан 4 жыл бұрын 16 жасында белгісіз біреулер өлтіріп әлгі арыққа лақтырып кеткен болатын. Ол кезде құқық қорғаушылар бозбала өліміне өзі кінәлі деген. Ал бүгін ауыздарын ашпады. Бір үйдің білдей екі адамы қаскөйлердің қолынан қаза болуы Сарыағашты қылмыскерлердің уысында ұстап отырғанын білдіреді.

Қыздың туысқандары «жеңгетай» Фируза жас қызды біреудің астына салып беруге уәде еткен әрі сөзінде тұрған дейді. Ал, «жас иіске» тапсырыс беруші лауазымды тұлға болуы әбден мүмкін. Себебі, «жеңгетайдың» қоқан-лоқысының күшті болғаны соншама құқық қорғаушылар оны ұстуға әлі әрекет етпей отыр.

Бұл сұмдық оқиғаның шуы әзір басыла қоюы екіталай. Мұны жылы жауып қоя салуы да әбден мүмкін. Әрі кетсе біреу-міреуге сөгіс жарияланып, ұсақ-түйек инспекторлар қызметінен алынатын шығар. Бірақ, жемқролықтың тамырын осыншама терең жаюына көзін жұма қарап отырған лауазым иелерінің бірі де жазаланбасы анық. Өйткені, соның бәрі әлгі «жеңгетай» секілді қылмыс әлемі өкілдерінің құрығына ілінген. Бұл бүгінгі қоғамның үлкен дерті. Бұл бізге белгілі болғаны ғана. Құқық қорғаушылар көп жағдайда қылмысты бүркемелеп, елге жария қылмаудың барлық амалын жасайды. Біз білмейтін мұндай қылмыстардың талай жасалғаны анық. Ол қылмыстар құқық қорғау орындарын жемқорлықтан тазаламай ешқашан ашылмақ емес.
0
539
0