Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:15, 11 ноября 2010

Нұра Матай. Мемлекет қайда? Дін қайда?

Blog post image

Blog post image

Биылғы жылы қажылық парызын өтеуге ниет еткен мұсылмандардың алғашқы легін қасиетті сапарға шығарып салып тұрып, сөйлеген сөзінің бісмілласын бас мүфти, дінбасымыз Әбсаттар Дербісәлі Астана өткелі отырған ЕҚЫҰ ның саммитінің еліміз үшін маңыздылығынан бастапты. Халықаралық саяси ұйымның отырысы туралы әңгімені біраз жерге апарған мүфти мырза ақыр соңында ағымдағы жылдың қасиетті қажылық сапарын саммитпен байланыстырып барып бір-ақ тоқтапты.

Қажылық сапарға саммиттің қандай қатысы бар? Түк түсінсек бұйырмасын. Әрине, бас мүфти қиыннан қиыстырып саммит пен діни шараны байланыстырғанына күмәніміз жоқ. Бірақ, қажылық қайда, саммит қайда?! Саммит болмаса қалың мұсылман қажылық сапарынан, мұсылман боршынан бас тартар ма еді?

Әнеугүні Ақтөбедегі мешіттердің бірінде молдекеңдердің бірі жиналған қауымға айтқан уағызын тағы да осы саммитпен тығыз байланыстырғанын жазып едік.

Шамасы, соңғы кезде молдекеңдердің үлкен-кішісіне бірдеме көрінген-ау. Уағыздарын қасиетті Құран-кәрім мен хадистерінен емес, "Егемен" мен "Хабардан" бастағандарына жол болсын!

Одан қалса, модекеңдер нешетүрлі қияли ойларын ортаға салады. Мысалы, өткенде Астананың орталық мешітінің бас имамы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына үшбу хат жазып, вагондарды жолаушылардың жынысына қарай бөлуін сұраған-ды.

Айтпақшы, биылғы Құрбан айт мерекесінде астанамыз Астана қаласының тұрғындары қала ішінде құрбандыққа мал шала алмайтын болыпты. Ниет еткен ағайын көк қошқарларын жетектеп, қаланың сыртында жиырма шақырым жерде орын тепкен «Алтын таға» деп аталатын орталықтандырылыған сойыс орталығына апарып құрбан шалуына тұра келеді. Міне, солай.

 

«Абай-ақпарат»

http://abai.kz

0
478
1