Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:00, 22 октября 2010

Исламдық банктер жүйесі

Кіріспе

Бүгінгі күндері Ислам әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы институттары мен БАҚ-ты, сонымен қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.

Исламдық банк жүйесі — Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр, экономикалық алпауыт елдердің де нарығына етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық несиелер арқылы дамитын банктер өздері қызмет етіп жатқан қаржы секторында жаңа жүйенің белсенді түрде нық қадам басып келе жатқанын аңғарды.

Исламдық банк жүйесі жоқ елдерде тұратын мұсылмандар үшін Шариғат заңдарын сақтауда өлкен қиындықтар болады. Несие беруші банк пен несие алатын мұсылмандардың негізгі прициптері бір-біріне қайшы келетін. Бұны несие алу, банкте депозит ашу және ипотекалық қызметтерді пайдалану кезіндегі жағдайлардан білуге болады.

Ислами банк жүйесінің тарихы

Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды. Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.

Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 жылы Египетте жергілікті экономист Ахмад әл-Наджардың бастамасымен құрылады. Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды. 1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, жабылып қалады. Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің менімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.

Ислами банк жүйесінің прициптері

Шариғат заңдарын орындау – Исламдық банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша іске асады. Исламдық банктердің негізгі шариғаттық прициптеріне тоқталамыз.

  • ·Ысырап жасамау;
  • ·Заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу;
  • ·Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат болмауы;
  • ·Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу;
  • ·Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу;
  • ·Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;
  • ·Бастыпқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал жолмен келуі.

Жоғарыда аталған принциптер Ислам банк жүйесіндегі банк институттары үшін орындауға әбден мүмкін прициптер болып табылады. Тағы бір айта кетерлік жәйт, Ислам банктер жүйесінде ''Ақша сасымайды'' деген ұстаным жарамайды. Шариғат бойынша ақшаның қандай жолмен келгендігі және қандай мақсат үшін жұмсалатындығы өте маңызды.

Қазіргі кездегі ислами банктер

Осы күндері бүкіл әлем бойынша 50-ден астам елде 300-гежуық ислами банк қызмет етеді. Олардың активтері шашамен 700 млрд. -- 1 трлн. АҚШ долларына тең, қызмет ету аумағы тек қана араб елдерінде ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда таралған. Олардың тұтынушылары мен клиенттері тек қана мұсылмандар емес, ірілі-ұсақты батыстың компаниялары бар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан.

Қаржы дағдарысына дейінгі Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15% құрады. 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.

Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында ($92 млрд.), және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше ислам негізіндегі қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған.

''Сукук'' ислами құнды қағаздары (облигация)

''Сукук'' сөзі араб тілінде ''заңды құжат'', ''акт'', ''түбіртек'' деген мағыналарды білдіреді. Ал қазіргі Исламдық Банктер жүйесінде құнды қағаздар эквиваленті ретінде пайдаланылады. Сукук – шариғат заңдылықтарын сақтай отырып әрекет ететін құнды қағаз.  Оның тарихы Ислам дінінің алтын ғасырынан бастау алады. Сукук бойынша берілген қарыз ақша үшін ешқандай үстеме ақы қосып толеу міндеті жүктелмейді. Жобадан түскен пайдадан ғана серіктестер өзара тиісті олжаларын бөліп алады.

Қазіргі кездегі Сукук құнды қағаздарына тек қана мұсылман елдер емес, сонымен бірге батыстық елдер де қызығушылық танытуда. Батыс елдерінің арасынан алғашқы болып Ұлыбритания ''Сукук'' құнды қағазына қызығушылық танытуда. Тіпті, жақын арада қолданысқа енгізу мәселесін де қызу талқылап жатыр.

2006 жылдың басында Бахрейндегі Сукук арқылы іске асырылған несиелердің мөлшері 18 млрд. долларды құрады.

Осы жылы Гонконг өзінің салық саясатындағы кейбір заңдарына өзгерістер енгізбек. Ол жайында елдің қаржы хатшысы Джон Цанг мәлімдеді. Өзгерістер арқылы Ганконг ислами заңдылықтарды бұзбайтын Сукук құнды қағаздарын пайдалану мүмкіншілігіне ие болмақ. 2009 жылы Малайзиямен жасалған келісім бойынша Ганконг ол елдің көмегіне жүгінбек.

Көрші жатқан Ресей Федерациясында 2010 жылы үш компания исламдық лизинг жүйесіне көшпек.

 

0
2851
0