• 69209
  • 16
  • 9
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлы даланың астаналары

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар.

Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар.

Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді.

Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік.

Ал, шындық не дейді?

Көктемге ілесіп көкжиекке сіңген көшпенді бұлдыраған құла сағымда тербеліп, қиырсызға сарғая көз тіккен құтты Ордасы – туған Елінің байтақ шаһары орнаған осынау берекелі өзен-сулардың жағасына күні ертең-ақ қайтқан қаздай мамырлап қайта ораларын анық білетін.

Ұзына ғасырлар бойына Ұлы Далада жаңа қала, елді мекендер бірінен соң бірі бой көтеріп жатты.

Сахара жүзін шаһарлармен өрнектеп, мұнара, қорған соғып зерлеген шеберлер кімдер еді?

«Түріктер өз қалаларын өздері тұрғызды, атауды да өздері берді. Бұл атаулар осы күнге дейін қолданылады». (Махмұд Қашқари, XI ғасыр)

Қиял жетпестей ғажап, базарлы да ажарлы еді түрік кенттері. «Тамаша, жұрты мол, суы мол, бау-бақшалы, қазыналы...». Алыс елдерден келген саудагер, саяхатшы біткен осылай деп тамсанатын.

«Түрік деген есімді Тәңірі бізге өзі берген». (Махмұд Қашқари, ХI ғасыр).

Түріктердің құт-береке, қасиет-киесі еді бұл шаһарлар. Және тек түріктердің ғана емес...

«Жауынан бассауғалап, қорғаныш, пана іздеп кім келсе де, түріктер оны қанатының астына алуға қашан да әзір еді. Осы елде тұрғысы келген өзге жұрттың адамдарын да түріктер ешқашан жатырқаған емес» – дейді Қашқари.

Сенген құдайлары да, оқыған кітаптары да әрқилы еді бұл жұрттың. Әр текті мәдениеттердің төлі еді мұндағы ел. Бірақ, береке-бірлігі бұзылмаған, ұйытқылы тұтас қауым болатын.

Сегіз қиыр шартарапқа бірдей құшағы ашық тұтастық – далалықтардың ұлы аңсар-идеалы болатын. Бұл аңсар «түрік» (ашық) этнонимі мен «біртұтас» деген ұғымды беретін «бұдұн» сөзінде көрініс тапқан.

Киелі байрақ көтеріліп, Тәңірі текті хан, қағандар орда тіккен астанасын әспеттеген далалық қауым осы бейнелі еді.

Күз бен қыс хан ордасы астаналық қала – «байтаққа» ірге орнықтыратын. «Байтақ» – «қасиетті тау, ұлы тау» дегенді білдіреді. Сахара жұрты өз астанасын осылай ұлықтаған.

Көктем шыға, хан ордасы жайлауға ірге аударады.

Көне түрік заманынан «көк күйме» аталған, арбалардың үстінде шағаладай самсаған ақбоз үйлер ауыр тізбек құрып, керуендей созылар еді. Көне түріктердің замандасы Қытай ақыны Бо Цзюй-И сол Көк күймені (Көк Орданы) былай деп жырлайды:

«Төрелерің сарайларын сырлайды,

Бірақ менің Көк Ордама тұрмайды.

Көп сарайға өрнек салып тастаған,

Көк Ордамды өлсем – айырбастаман».

Таңғажайып салтанатымен, тіл жеткісіз тылсым көркімен баурап, көшпендінің қиялына қанат байлап, көңілін көкке көтерген ұлан-асыр бұл көш керуені осылайша ғасырдан ғасыр асып сапар шеккен.

Орда қайтып оралғанша, «қыш қаланың» қолөнерші, ұсталары, диқандары мен шарап ашытушылары, көпестері мен оқымысты-ғалымдары – әрқайсысы өзіне тиесілі шаруалармен айналысып жатар еді. Шаһар шеңберін айқыш-ұйқыш тілімдеп, әр тұсынан жарып өтетін даңғыл жолдар «көше» деп аталатын. Көше – «көш» сөзінен шығады.

Керуендер келіп жататын, керуендер кетіп жататын. Уақыттың сартап мұнарына селдірей сіңіп, баяу жылжып күндер өтетін. Ұрпақ артынан ұрпақты айдап, мәңгіліктің түпсіз қиырына қарай ұлан Даланы бауырлап ғасырлар маңатын.

Ұлыстардың аты өзгеріп, астаналары ауысып жатты. Жалғыз-ақ, астана таңдау дәстүрі өзгермеп еді.

Астана-шаһар міндетті түрде мол сулы өзеннің, не шалқар көлдің жағасына тұрғызылады. Көшпенділердің өз астанасы төңірегінде қыстап шығуы үшін, бұл – ең қажетті шарттың бірі болатын.

Әлмисақтан бері далалықтар жердің киелілігіне ерекше мән берген. Астана тұрған төңірек бүкіл ел-жұрт қасиет тұтатын жер болуы тиіс еді. Ол үшін көне қорым, әулиелердің бейіт, мазарлары сияқты киелі орындар қала маңынан табылуы шарт.

Сонымен бірге, астана аумағынан Даланы өзге әлеммен жалғастырып жататын керуен жолы өтуі керек.

Ең бастысы, астана орналасқан аудан, территориялық жағынан көшпелі қауымның басым бөлігінің қала төңірегін қыстап шығуын қамтамасыз ете алатындай көлемде болуы қажет. Тек сонда ғана сол бір қауіп-қатері көп замандарда хан отырған Орда өзін алаңсыз сезінер еді. Сахарада ғұмыр кешкен ұлыс-мемлекеттердің бәрінің қалауы – бұла да мазалы тіршілік болатын. Бірақ, ара-тұра – кейде, тіпті түсініксіз, мағынасыз – қанды қырғын, қақтығыстар болмай тұрмайтын.

Әйтсе де, осынау бейбітшілік пен еркіндік туралы Ұлы идея Даланың жадында мәңгі қалды. Ол кейде көне керуен жолдарындай жарқырап сайрап жатты, кейде көмескі тартып, өшіп те кетті. Бірақ, біржола жоғалған емес-тін.

Күндердің күні, сөйтіп, дүниеге жаңа, дәлірек айтқанда, жаңарған ұлыс – Қазақ Ордасы келіп еді. 1456 жыл болатын.

Жоғалту мен Іздеу. Даланың тарихи тағдырының арқауын, бәлкім осы екі ұғым айқындайтын шығар. Ұлы Дала аталатын шалқар кеңістікті жайлаған жұрт, қай ғасыр, қай заманда да тапқанын – жоғалтқан, жоғалтқанын – тапқан... Солай ғұмыр кешкен...

Біздің тарих сол жоғалтқандарымызды іздеуден тұрады. Өзін заңды түрде Көк Орданың мұрагері деп білетін Қазақ ордасы тарих сахнасына далалық өркениет, көшпенділер әлемінің жұлын-жүйкесін құрайтын дәстүрлер мен құндылықтардың сақтаушысы ретінде шығып еді.

Кезектесіп Көк Орданың астанасы болған Сауран мен Сығанақ, Сарайшық сынды тәңір алқаған құтты шаһарлар мемлекетіміздің алғашқы орталықтары болатын.

Даланың қаһарлы қорған, астана-шаһары Сауранның ақындар жырға қосып мадақтайтын «тербетілген» таңғажайып мұнаралары қандай еді!

«Сауран климаты жақсы, ашық далада тұрған, әсем де көңілді қала, төңірегінде қой отарларымен бірге топ-тобымен жабайы ешкілер жайылып жүреді. Айналаның бәрі қатарланып өскен тал-терек. Қаланы биік қабырға құрсайды, оның сырты терең қазылған ор» (Рузбехан, XVI ғасыр).

Мына төбелердің астында біздің көне астанамыз, бүкіл Дешті-Қыпшақтың сауда айлағы, шадыман-шулы Сығнақ шаһары көмулі жатыр.

«О, Сығнақ,

Қақпаларыңның шаңын

сүйіп жылар ем,

Қайта тусам,

Сығнақта туар ем».

(Шамсуддин Сығнақи, XIII ғасыр).

XVI ғасырдың басында Орда астанасы, Жайықтың жағасындағы Сарайшыққа көшеді. Алтын Орда хандарының мүрдесі жатқан бұл даңқты шаһар қазақтың жерін жинақтап, өрісін түгендеген құдіретті Қасым ханның да пәни дүниедегі ең соңғы мекені болды.

«Сарайшық Ұлысу аталатын кең арналы, мол сулы дарияның жағасында орналасқан. Өзен бетіне Бағдаттағыдай қайық төсеп, көпір тартқан» (Ибн Батуты, XIV ғасыр).

Қасым хан өлгеннен кейін Даланың ұзаққа созылған, аласапыран сүргінге толы ауыр күндері басталады. Ел іргесі ойран болады, ер-азамат қырғын табады. Бірінен бірі өткен сұмдық хабарлар көрші елдерді көктеп өтіп, сонау Үнді жұртына дейін жетеді. Кашмир уәлаятының әмірі Мұхамед Хайдар Дулати «Қазақ деген бүтін бір халықтан жер бетінде із де қалмады. Тағдырдың жазуы солай болды» – деп жазады XVI ғасырдың қырқыншы жылдарында.

Қанша мәрте күл болып өртенді екен, күйіп кеткен жұртының өртеңінен қанша мәрте көктеп, бас көтерді екен бұл қазақ! Өмір үшін арпалысқан жанкешті күреске толы сол бір қиын-қысталаң жылдары ел Ордасы ежелгі Созақ қаласына орнығып еді.

1598 жылы Тәуекел-Баһадүр хан ел көксеген ежелгі арманға ақыры қол жеткізді – бүліншілік жылдары айырылып қалған қасиетті Түркістанды қазақ жұртына қайтарды.

Қасиетті Түркістан... Бір замандары осында, жанарының жарығы жарқырап шығып келе жатқан күн сәулесіне соңғы рет шағылып, пәни қызығынан бой суытқан Қожа Ахмет Яссауи әулие мәңгі түн-түнектен Алланың нұрын, ғаламның ақиқатын іздемекке жер астындағы қылуетке түсіп кете барды. Ғасырлар өткенде оның қабірі үстінен атышулы Ақсақ Темір дүрбе тұрғызады. Рузбеханның жазуынша, оның сәулет құрылысы адам өнерінің асқақ құдіретін паш етіп тұр.

«Тофырақ болғыл, дүние сені басып өтсін» деген өсиет айтып еді Қожа Ахмет. Пәни дүниеде тірі пендеге бас имей өткен даланың өркөкірек игі-жақсысы өлгенде Қожа Ахметтің саясында жатқанды мақсұт қылды.

Сол жерден қазақ ұлысының ақырғы ханы – Ұлы Абылайдың да ғазиз рухы ғарышқа самғап еді.

* * *

...ХХ-ғасыр қазақ мемлекеттігі тарихының жаңа белесі болды. Самодержавие құлады. Ақ патша тақтан тайды. Ұлы дала, дауыл алдындағы теңіздей тына қалды.

Ресейдегі қорған қала – Орынбор саяси оқиғалардың орталығына айналды. Қазақстандық съездердің барлығы да осында өтеді. Алаш партиясы ұйымдастырылып, Алашорда үкіметі құрылды. Біздің ұран – демократиялық республика, ұлттық дербестік және әділеттік деп жариялады олар. Алайда, алаш азаматтарының арманының орындалуына тағдыр жазбапты. Арпалысқан азамат соғысы басталып, көп өтпей, Орынборды қызылдар басып алды.

1920-жылы, 26-тамызда Кеңестік Орталық Атқару Комитеті және Халық комиссарлар кеңесі орталығы Орынбор қаласы болып белгіленген Ресей федерациясының құрамындағы Кеңестік Социалистік Қырғыз автономиялық Республикасының құрылуы туралы декрет қабылдады. Қазақстан кеңестерінің бірінші съезі бұл шешімді өзінің декларациясымен бекітті. Тарихтың жаңа тармағы басталды. Сол кездің аса ірі саяси қайраткері Сұлтанбек Қожанов астананы елдің ішіне қарай көшіру керектігін дәлелдеп берді. «Астана Қазақтың ұлттық мемлекеттігі», – деп мәлімдеді Қожанов, – «ең алдымен үйлері жанға жайлы әдемі қалаға емес, қазақ еңбекшілеріне нақты қамқорлық жасай алатын орталыққа ғана зәру». Бұл тұстағы ең күрделі мәселе – бүкіл қазақ халқын бір республиканың аумағына өз еркімен біріктіру болатын. Өйткені бүкіл Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу, қазіргі Өзбекстан, Түркменстан және Қырғызстанды біріктірген Түркістан құрамында болатын. 1924-жылы, Мәскеу, Орта Азия республикаларын ұлттық аумақтық тұрғыдан бөлектеу туралы шешім қабылдады. Оңтүстік облыстар Қазақстанға қайтарылды. Сөйтіп, 1925-жылы республиканың астанасы кейіннен Қызылорда атанған Ақмешіт қаласына орнықты. Бұл қаланы таңдаудың себебі қандай? Біріншіден, Ақмешіт қазақ даласының ортасында орналасқан, – деп дәлелдеді Қожанов, – екіншіден, Ташкент темір жолы Ақмешітті елдің барлық өлкелерімен байланыстырады. Оның үстіне қала Сырдарияның жағасында тұр. Бұл – ұлы дария бір кездері біздің мемлекеттігіміздің бесігі болып еді.

Елордасына айналған кезде Қызылорда шын мәнінде қайта түлеп, көркейіп, өсе түсті. Сылағы түсіп, сыны кете бастаған осынау көне ғимарат Сырдарияның жағасында нағыз елордасын орнатпақ болған адамдардың арманымен ерлігін әлі күнге ұмытқан жоқ. Қызылорда құлпырып сала берді. Кітапханалар менен мектептер ашылды. Қазақ драма театры құрылды. Алайда, Орталықтың Республикаға саяси қысымы күшейді. Жаппай қуғын-сүргін басталды. Сұрапыл зұлматтың алғашқы ауыр батпаны алдыменен алашорда азаматтарының басына түсті. Оларды қызметтерінен қуып, жер аударып, абақтыға қамап, ату жазасына бұйырып жатты. Халықты естен кетпес трагедия, сұмдық террор мен аштықтың азабы күтіп тұрған еді. Тарихымыздың қазақ мемлекеттігінің алғашқы дәуірінен жазыла бастаған «Сырдария» эпопеясын Қызылорда шаһары осылайша тәмамдады. Араға ғасыр салып, біз Сырдарияның жағасына қайтадан оралып, осынау ұлы өзеннің үстінде мемлекеттік жалауды қайта желбіретпек болдық. Бірақ бұл басқа заман, басқа мемлекет және басқа байрақ еді.  Заңғары биік, аңғары көркем ғажайып асқар Іле Алатауының теріскей бөктерінде сонау орта ғасырдың басында атырабында алманың иісі аңқыған «Алмалық» атты қала болған. XIX ғасырда соның тарих көші таптаған көне қонысына орыс отаршылары «Верный» атты әскери бекініс салды.

Кеңес кезінде, 1921 жылдың 14-наурызында Кеңестік Түркістан Автономиялық Республикасы атқару комитетінің шешімімен бұрынғы «Верный» енді Ресми құжаттарда «Алма-Ата» деген атқа ие болды. (Алматы атауының дұрыс жазылуы туралы мәселе сол кезден бастап бұқара көпшіліктің қолдауымен әлденеше рет мемлекеттік дәрежеде талқыланған. Алайда, 70-жылдан астам бойы сол атау үш бірдей ұрпақтың маңдайына тағдырдың жазуы болып таңылды. Тек 1994-ші жылы ғана өзінің ежелгі «Алматы» атты тарихи есіміне ие болды).

Орталық Азия мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық, тарихи ара-жіктің ашылуына байланысты бұл қала аймақтағы әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық болып қалыптасты. 1997-жылдың 29-сәуірінде Бүкілодақтық Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақстан астанасын Қызыл-Орда (Ақмешіттен) Алматыға көшіру туралы Жалпықазақстандық VI съезінің шешімін бекітті.

1937-жылдың 26-наурызында Қазақстан Кеңестерінің X съезі бұрынғы Автономияның енді Республика болып жариялануы жөніндегі конституцияның заңын бекітті. Сөйтіп, Алма-Ата қаласы Кеңестік Социалистік Қазақ Республикасының әкімшілік орталығы ретінде астана болып белгіленді.

Алматыны көркейткен, онда ғұмыр кешкен әлденеше ұрпақтың осынау әсем қалаға деген сүйіспеншілігі адам айтқысыз. Осынау жылдардың аралығында Алматы тек қана Қазақстандағы емес, бүкіл Одақтағы ең сұлу, ғажайып қалалардың қатарына қосылды. Әлденеше онжылдықтар бойындағы тарих көшінің саяси, әлеуметтік өзгерістері, оның ұлы оқиғалары осы орданың маңдайына жазылған. Соның бірі 1986-жылғы желтоқсан оқиғасы. Содан бес жылдан соң Алматы құдіретті Кеңес Империясының ыдырағанын көзімен көріп, енді өзінің астаналық зеңгір көк аспанына тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын желбіретті.

1995-жылдың 30-тамызында осы Алматыда егеменді Қазақстан дамуының жаңа дәуірін бастаған ата заң қабылданды. Екі жылдан кейін ол өзінің әкімшілік орталығы ретінде ардақты міндетін еліміздің жаңа ордасы Астана қаласына табыс етті. Қазір біз Астананың жаңа дәуірдегі мемлекеттік, тарихи, жасампаздық тұлғасының тұғырлана түскеніне нақты куәгер болып отырмыз.

 

kz_zez
17 октября 2010, 19:15
2131

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 10749
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4328
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3757
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 3714
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3489
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 2957
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3128
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2810
  • 19