Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:38, 18 марта 2017

ЖОО-ы академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаларын жария етуде

«Наурыз» мерекесі қарсаңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының академиялық адалдық қағидаларына берілгендігі туралы хабарлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы телекөпір өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бастамасы бойынша Қазақ Гумманитарлық Заң университетінде ұйымдастырылды.

Агенттік Төрағасының орынбасары А. Шпекбаев телекөпірді аша отырып Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында білім беру жүйесін өзгерту міндеті ел дамуының бірден бір алғышарттары болып белгіленгенін айтты.

Ол академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жеңуде әрбір адамның рөлі жоғары екенін айтып, қатысушыларды ашық диалогқа шақырды.

Жастармен болған диалогқа Дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым, «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ. Жұмашев қатысты.

Білім беру процесіне академиялық адалдық қағидаларын енгізу тәжірибелерімен «Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің» ректоры Т.Нәрікбаев, «Назарбаев университетінің» академиялық істер бойынша вице-провосты Лоретта O'Доннелл, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф. Жақыпова, «Нархоз» унивесритетінің ректоры К.Рыбиньски, ЖОО Ассоциациясының президенті Р.Алшанов, сондай-ақ Қазақстанның жастары Конгрессінің орындаушы директоры А.Сабитов және Студенттер Альянсы республикалық штабының басшысы М.Абилхас бөлісті.

Батыс Қазақстан облысында телекөпірге М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қосылып, аталған шараға Департамент, ЖОО басшылығы, ғалымдар, оқытушылар құрамы, студенттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық «Жаңару» қозғалысы» РҚБ филиалының өкілдері қатысты.

Телекөпірдің қорытындысы бойынша Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб өткізді. Олар барлық студент жастарды өлең шумақтарымен прогрессивті, әділ және бәсекеге қабілетті болуға шақырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны Еуразиялық ұлттық университетіне және НАРХОЗ унивесритетіне берді.

Жылдың соңына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета еліміздің барлық жоғарғы оқу орнын қамтиды деп күтілуде.

     
0
640
0