Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:32, 18 марта 2017

Жыл басы – Наурыз

2017 жылдың 18 наурызда республикалық жоғары техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне арналған шара ұйымдастырылды. Колледж алаңында би және театрландырылған ұжымдардың қатысуымен көрініс сахналанды.

Наурыз мерекесі – жаңа жыл басы ретінде тойланатыны белгілі, Наурыз рухани бірлікті бейнелейді, тұрақтылық, достық және келісім нығайтуда маңызды рөл атқарады. Наурыз – ұлт, мәдениет және діндер арасындағы айырмашылықтарға бөлмейді. Мәселен, аталған колледжде әр ұлттың өкілдері білім алады және олардың жалпы құндылықтары мен мақсаииары ортақ болғандықтан өзерін бір отбасымыз деп есептейді.

Іс-шараға ҰОС және тыл ардагерлері, ғалымдар мен өкілдері, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті өкілдері қатысты.

Театрландырылған көрініс аясында ұлттық салт-дәстүр көрсетілді.

 
0
284
0