Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
04:48, 09 марта 2017

«Айдаһарлардың әміршісі» мультфильмін қазақ тілінде көре аласыздар!

Бүгін Қазақстан прокатына "Айдаһарлардың әміршісі" атты туынды қазақ және орыс тілдерінде  шығады.

Украинаның туындысы осыған дейін Польша және Түркия көрермендерінің назарына ұсынылған, 200 мыңнан аса адам көріп үлгерген. Жоба жалпы 40 шақты елдің нарығына шығуды көздейді. Солардың ішінде Вьетнам, Эстония, Латвия, Литва, Мажарстан, Ресей және Қазақстан секілді мемлекеттер бар.

Қазақша дыбыстауға еліміздің театр, кино жұлдыздары мен медиа тұлғалары шақыртылды. Басты кейіпкер "Голос казахстана" жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетовтың дауысымен сөйлейді.

Blog post image

Фильмге бірнеше саундтрек те жазылған, олар әр көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын! Қазақ тіліндегі нұсқасын Дінмұхамед Дәулетов пен Ева Бехер орындайды.

Blog post image

Бұл жоба отбасылық көрсетілімге арналған. Арманға сену, батыл болуға тәрбиелейді. 12 жасар Никита кішкентай бала болғанына қарамастан, айдаһармен батыл шайқасқа шығады. Әкесінің қарсылығы да оған кедергі болмайды.  Никита Кожемяк досы жарқанатпен бірге саяхатқа шығып, қандай қызықтар көреді, кинотеатрларға барып көрсеңіздер болады!

Өз ойым, мультфильмің жалпы ойы дұрыс, бір көруге тұрарлық. Бірақ сәл ұзақ, кейіпкерлердің қандай болып, оқиғаның қалай аяқталатынын бірден білуге болады. Маған солай көрінгенімен, інім мен сіңліме ұнады.

2
1439
0