Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:21, 06 февраля 2017

Тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл Еуропа өңіріндегідей барлық жерде тұмау және ЖРВИ-дың тіркелуі байқалады.

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 3 ақпанға 380 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның ішінде 1831 тұмау жағдайы тіркелді.

ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 %) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 13%-ды құрады.

Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды.

Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып және оқушылар арасында ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың өсуін алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшілерінің ұсынымдары бойынша эпидмаусымнан бастап білім басқармалары 26 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде оқу процесі тоқтатты, оның 4-де оқу процесі қайта басталды.

3 ақпанға Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарда 8 мектеп және 3 мектепке дейінгі мекеме толық жыбылды, жартылай (жекелеген сыныптарында) оқу процесі Солтүстік Қазақстан облысының 11 мектебінде тоқтатылған.

Анықтама ретінде. Ресей Федерацияда Мектепке дейінгі жастағы балалар және мектеп оқушыларының сырқаттануын есепке алып 58 субъектіде 2247 мектеп, 44 субъектіде 398 бала бақша, 17 субъектіде 71 мектеп-интернат, 10 субъктіде 74 колледж және 3 жоғары оқу орын жабылды, жартылай 1210 мектепте 3959 сынып және 1135 мектепке дейінгі мекеменің 1726 тобы, мектеп-интернаттың 5 сынып, 8 колледжінің 74 тобы жабылды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7017

0
345
0