Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:41, 23 ноября 2016

Туа біткен жүректің ақауы бар В. Баланға мемлекеттік қаражат есебінен Германияда ота жасалады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сирек кездесетін туа біткен жүрек ақауы (Шон кешені) дертіне шалдыққан шымкенттік Виола Баланды Берлин қаласындағы жүрек Неміс орталығына жіберу туралы мәселені шешті.

Аталған патология бойынша қажетті ота Қазақстанда жасалмағандықтан, ҚР ДСӘДМ-де (Түркия, Индия, Оңтүстік Корея, Израиль және Германия клиникаларында) бюджет қаражат есебінен Виоланы емдеу жөніндегі мәселе пысықталды. ҚР ДСӘДМ-нін штаттан тыс бас балалар кардиохирургы Дмирий Горбунов пацентті Берлин қаласындағы жүрек Неміс орталығына жіберуді ұсынды, себебі бұл клиниканың аталған ота жасау бойынша мол тәжірибесі бар. Алайда бұл медициналық ұйым Қазақстан азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу бойынша ҚР ДСӘДМ-нің стандарттық шарттарына келіспеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму және Әділет министрліктері Берлин қаласындағы жүрек Неміс орталығының мамандарымен жүргізген келіссөздер нәтижесінде қазақстан тарыпының шарттарына сай, соңғылары Виола Баланға қажетті ем жүргізуге келісім берді.

Пациент Германияға жеткізілді және ота жасау үшін клиникаға жатқызылды. Оған Росса-Конна (жүрек қақпақшасын протездеу) отасын бюджет қаражаты есебінен жүргізеді. Ем алғаннан кейін Виола Баланды ҚР ДСӘДМ Республикалық санитарлық авиация орталығының күшімен Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр.

 
0
305
0