Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:29, 20 ноября 2016

Қазақстанда 5 жылда санавиация 8,6 мыңнан астам ұшырылым жасады

Қазақстанда санитариялық авиация қызметі құрылғаннан бастап (бірінші ұшырылым 2011 жылғы 12 шілдеде жасалған) 8643 ұшырылым жасалған: 2011жылы – 323, 2012 жылы – 1005, 2013 жылы – 1355, 2014 жылы – 1875, 2015 жылы – 2149, 2016 жылғы 10 айға – 1936 ұшырылым.

Жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде санитариялық авиация мамандарымен барлығы 10938  медициналық қызмет көрсетілген, оның ішінде 7850 науқас тасымалданып, 2434 - іне кеңес берілді және 654 ота жасалды. Нақты сол жерде көрсетілген көмек барлық медициналық қызметтің 28 % -ын құрайды.

Сондай ақ, Астана қаласынан 2721 ұшырылым, Алматы қаласынан – 582, өңірлерде – 5301 ұшырылым, өңіраралық – 39 ұшырылым жасалған.

Санитариялық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология алады 22%; екінші орында - жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар 21 %; үшінші орында – акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар 18%; төртінші орында – жаңа туған нәрестелердің патологиялары 16%; бесінші орында - қан айналымы жүйесі аурулары - 13% және өзге де аурулар (неврологиялық, эндокринологиялық, жұқпалы, хирургиялық және т.б.) - 10%.

Жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде санитариялық авиация мобильдік бригадаларымен  жол-көлік апатынан зардап шеккен 836 адамға медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін 29 ұшырылым жасалып, тасымалданды. Омбы, Екатеринбург, Санкт-Петербург, Челябинск, Москва қалаларынан (РФ) - 6 ұшырылым; Сеулден және Пусаннан (Оңтүстік Корея) – 4 ұшырылым, Бангкоктан және Паттайядан (Тайланд) – 3 ұшырылым, Бостоннан және Сан-Францискодан (АҚШ), Кельннен және Цвейбрюкеннен (Германия),  Измир және Анталиядан (Түркия) – 2 ұшырылымнан, Пекиннен (Қытай), Киевтен (Украина), Ұлан – Батырдан (Моңғолия), Дубайдан (БАӘ), Минскіден (Белорусия), Прагадан (Чехия), Бішкектен (Қырғызстан), Сауд Арабиясынан, Сингапурдан, Бали аралынан (Индонезия) – 1 ұшырылымнан жасалды.

Бүгінгі күні Қазақстанда санитариялық авиация мүддесінде 35 авиакөлік бірліктері қолданылады (21 ұшақ және 14 тікұшақтар).  Санитариялық авиация қызметін осы қызметке лицензиясы бар 13 авиакомпаниялар, оның ішінде Қазақстан өңірлерінде – 11 авиакомпания, республикалық деңгейде – 2 авиакомпания көрсетеді.

Санитариялық авиацияның мобильдік бригадалары арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстаннның барлық аймағында тәулік бойы көрсетуге дайын аса білікті жоғары мамандандырылған дәрігерлермен жасақталған.

Естеріңізге сала кетейік, санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтік бағдарланған, ерекше түрі болып табылады, оның қызметі еліміздің шалғайдағы аудандарында тұратын халыққа уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

2012 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК құрылған. 2013 жылғы 26 маусымдағы ҚР ДСӘДМ бұйрығына сәйкес аталған орталыққа шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарының қызметін үйлестіру бекітілген.

 
0
292
0