Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:48, 15 ноября 2016

Республикадағы және әлемдегі тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етеді.

Республикада бақылау деңгейлерінен аспайтын ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиологиялық маусымның басынан (2016 жылғы 1 қазаннан) бастап ЖРВИ-дің 90 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың негізгі үлесін (67,0%) 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Сонымен қатар, тұмаудың 3 жағдайы тіркелді. ЖРВИ, тұмаудан өлім жағдайлары және егілген адамдар арасында сырқаттану анықталған жоқ.

11 қарашадағы жағдай бойынша республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 1,6 млн.-нан астам адам егілді, оның ішінде 1,3 млн астамы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен және 280 000-нан астам адам жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен егілді.

Вакцинация тұмау профилактикасының барынша тиімді ерекше әдісі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары (созылмалы өкпе, жүрек-тамыр аурулары, иммунитеттің жетіспеушілігі бар балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина жұмыскерлері және жүкті әйелдер) егіледі.

Бұдан басқа вакцинация жұмыс берушінің және тұрғындардың өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Тұмауға қарсы ақылы вакцинация аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының рұқсаты бар жеке медицина орталықтарында және тұрғылықты мекенжайы бойынша емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Комитеттің зертхана қызметі тұмау және басқа да тұмау емес инфекциялар вирустарының циркуляциясына мониторингті жүзеге асырады. Қазір  A(H3N2) және В тұмау вирустарының циркуляциясы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синциталды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты тұмау емес инфекциялардың циркуляциясы байқалады.

Әлемдегі жағдай.

Ресей.

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану 59 қалада 100 мың тұрғынға шаққанда 631,0-ді құрады, бұл апталық эпидемиялық шектен 0,6 %-ға жоғары.

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануды талдау клиникалық диагностика деректері бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанудың базалық деңгейден 9,5%-ға, ал тұмаумен сырқаттанудың базалық деңгейден 96,3%-ға төмен екенін көрсетті.

Тұмау емес этиологиялы ЖРВИ-мен сырқаттану тұрақты болып қалып отыр, клиникалық диагностика деректері бойынша тіркелген тұмау жағдайлары санының болмашы артқаны байқалды.

Ресей Федерациясының аумағы бойынша тұмаудың географиялық таралуы анықталған жоқ.

Еуропада Flu News Europe деректері бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың төмен деңгейі байқалған. Апта ішінде A(H3) тұмаудың 20 жағдайы, субтиптелмеген А тұмаудың 50 жағдайы және В типінің 10 жағдайы анықталды.

АҚШ-та CDC деректері бойынша медициналық көмекке жүгіну жиілігі 1,3%-ды құрады, бұл шекті мән деңгейінен төмен (2,2%). 50 штатта және Нью-Йоркте тұмау және ЖРВИ-мен  сырқаттанудың ең төмен деңгейі тіркелген.

Бір аптада A(H1N1)pdm09 6 вирусы, А(Н3)18 вирусы, А субтиптелмеген 1 және 2 жағдайда В типті вирус анықталған.

Канадада FluWatch деректері бойынша 3 өңірде (Британдық Колумбия, Манитоба, Онтарио провинциялары) тұмаудың жергілікті және 20 аумақта спорадиялық таралуы тіркелген.

Батыс Азия елдерінде (Ирак, Израиль, Иордания, Катар) және Азияның Оңтүстік өңірінде (Иран, Непал, Шри-Ланка) FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының спорадиялық деңгейі таралған. Оңтүстік Шығыс өңірінде (Лаос, Филиппины, Таиланд, Сингапур) тұмаудың жергілікті және географиялық таралуының спорадиялық деңгейлері байқалған, тұмау вирусының А(Н3) кіші типі басым болған. Қытайда FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының спорадиялық деңгейі таралған, A(H1N1)pdm09 1 вирусы, А(Н3) 327 вирусы, А субтиптелмеген 17 және В типінің 6 вирусы анықталған.

Австралияда FluNet деректері бойынша тұмаудың таралуының жергілікті деңгейі байқалды, А(Н3) кіші типінің 30 вирусы, А субтиптелмеген 22 және В типінің 15 вирусы анықталған.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6065

0
316
0