Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
06:21, 29 сентября 2016

Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» тақырыбында баспасөз – конференциясы өтті

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді

Blog post image

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Э.К. Өтеповтің қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді.

2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 622 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың тамызға дейінгі кезеңде 523 объекті жекешелендіруге жоспарланған. 2016 жылдың 26 қыркүйектегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 509 объект шығарылды, оның 314 объектісі сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша – 19, коммуналдық меншік бойынша – 157, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 81, холдингтер бойынша – 57.

Бұл ретте, сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 7 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге - 5,1 млрд. теңге, Холдингтерге – 68,1 млрд. теңге, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға – 6,4 млрд. теңге түсті.

Республикалық меншік бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 273 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 объекті саудаға шығарылды, оның ішінде 157 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша

2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 105 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 104 объекті сатуға қойылды, оның 81-і сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сатуға жоспарланған 136 объектінің 124 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 57 объекті сатылды.

Blog post image

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

1
610
0