Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:13, 28 сентября 2016

Т. Дүйсенова медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша аймақтық штаб мүшелерімен қорытынды семинар өткізді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб мүшелері үшін қорытынды семинар өткізді. Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.

Өз сөзінде Тамара Дүйсенова мемлекеттің құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн. азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.

Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ басшысы МӘМС жүйесіне қатысуға барша азаматтар қызығушылық танытуы керектігін айтты. МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна үнемі төленіп тұруы тиіс.

Тамара Дүйсенова МӘМС жүйесіне жұмыс берушілердің қатысуы жайында айта келіп, Медициналық сақтандыру қорының жарнасы корпоративтік табыс салығын (КТС-ті) есептеу кезінде шегерілетінін, кәсіпорындардың қызметкерлер ауырып қалған жағдайдағы шығыны Медициналық сақтандыру қорына төленетін аударым көлемінен артық болуы мүмкін екенін еске салды.

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысы аймақтық штаб өкілдерінің МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру тетіктері жайында сұрақтарына жауап бере келіп, әрбір медициналық ұйымның өз қызметкерлерінің еңбекақысын олардың біліктілігіне, жүктемесі мен көрсететін қызметтерінің сапасына қарай өзі реттейтінін хабарлады. Оның айтуынша, аталған тетік жеке медициналық ұйымдарда қолданылады. Бұл білікті мамандардың еңбегін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

МӘМС-ті енгізу барысында барлык медициналық ұйымдар жоғары санатты мамандарды шақыруға қызығушылық танытатын болады. Себебі, медициналық көмек көрсетудің сапасы – Медициналық сақтандыру қорының медициналық ұйымдардың қызметіне ақы төлеуі барысында басты критерий болмақ.

Сондай-ақ, Министр МӘМС жүйесінде пациенттердің бейресми төлемдері өзекті болмайтынын, себебі, сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру аясында барлық қызметтердің пакеті кепілдендірілетінін атап айтты.

Бұрындары хабарланғандай, ағымдағы жылғы 19 қыркүйекте Тамара Дүйсенова Батыс Қазақстан облыстары, 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының, 22 қыркүйекте Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының, 27 қыркүйекте Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстары аймақтық штабының мүшелері үшін семинар өткізді.

Оқыту шаралары аяқталған соң, аймақтық штаб мүшелері 1 қазаннан бастап халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастайды. Олар жұмыс берушілермен, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, бюджеттік сала қызметкерлерімен, ҮЕҰ және кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен, сонымен қатар, ауылдық жерлердегі түрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде.

 
0
262
0