Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
04:25, 30 сентября 2016

Ғалымжан Молданазардың концерті қалай өтті?

Кеше Алматы қаласының əлемде тараған "Hard Rock Cafe" атты клубында синти-поп жанрында өнер көрсетіп жүрген Ғалымжан Молданазардың кеші өтті. Халық көп жиналды. Əншінің өнерін көруге оның өнерде жүрген достары Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Азамат Дулатов, Диас Аблаев, Гульназ Жоланова, Малик Зенгер жəне т.б да келіпті. Кеш 8-де емес, қазақтардың əдетімен бір сағатқа кеш басталды. Қайтеміз? Қазақпыз ғой, халықтың бəрі жиналсын деп күтеміз.

Молданазар кешті жақында ғана шыққан бейнебаяны, көбісінің жүрегіне түрткі болған "Өзің ғана" əнімен бастады. Ең қызығы - бұл əнді əнші тек қана өзінің тобы емес, сол бейнебаянда баян ойнап түскен атамен шырқады. Бəрі қуанып, ұялы телефондарын шығарып, түсіре бастады. 21-шы ғасырға сай жəйт қой. :)

Концерттен бұрын Ғалымжан "instagram" əлеуметтік желісінде байқау жарияланған еді. Байқаудың талабы: Молданазардың кез-келген əніне кавер нұсқа түсіру болды. Осы кеште сол байқаудың жеңімпазы Ербол Нариман атты жас жігітпен "Ұмытшы мені тез" əнін бірге орындады. Одан бөлек "Жауап бар ма" əнін американдық əнші қыз Грейс Гарретпен бірге шырқады.

Бұл кеште он шақты жанға жағымды əн естіп, биледік. Мен деген кейбір əннің сөзін дұрыс білмей жатқанымда қасымда айтып тұрған қыздан да естіп бірге айтқаным болды. Негізі Ғалымжан Молданазардың əндерін кешке келгендердің көбісі жатқа біледі екен. Бір қыз инста парақшасында жазғандай "хор болып əн шырқадық". Концертте əншінің атын шығарған, киноларға саундтрек болып жүрген "сағым", "ақпен бірге", "кім ол" жəне көбінің сүйікті əніне айналған "алыстама", "менікі емес" атты туындылары шырқалды.

Кештің соңына таман халықтың қалауымен Молданазар бірнеше əнін екі рет те орындады. Сөйтіп концерт те аяқталды. Концертке келген адамдар риза. Өз басым жақсы эмоция алып қайттым. Соңғы сөзім: "Молданазар билегенде орысша айтқанда "вообще няшка" ғой." :D Оны көру керек. Бұл концертке келе алмай қалғандарға айтарым, осы жексенбі күні Ғалымжан Молданазар Алматыда тағы кешін өткізбек. Caffe del teatro деген мейрамханада болады. Билеттер бұдан қарағанда қымбаттырақ, бірақ ішіне кешкі ас кіреді дейді. Жанды дауыста айтылған əн естіп, жақсы əсер алғыларыңыз келсе, барыңыздар. ;))

Ал енді маған баспалдақтан түсіруге күзетші рұқсат бермеді. Сол үшін fancam видеоларды қабыл алыңыздар.

Blog post image

Blog post image

Site: about.me/kmolya

YouTube Chanel: KMOLYA

Blog: molya_shine.yvision.kz/

Instagram: instagram.com/kmolya/

Twitter: twitter.com/kmolya/

Facebook: facebook.com/molya.akh

Vkontake: vk.com/molya_shine

 
4
1309
1