Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:35, 07 сентября 2010

Есіңде ме сол бір кез...

Кешке жатар алдында кейде сол бір аруды көз алдыма елестетіп ойлап жататынмын...”Не істеп жүр екен...”,” қайда екен...” деген сұрақтарға беріліп.  Бала бақша кезінен сол бір қыздын келбеті есімде нақты сақталып көптеген уақытқа дейін ойымнан шықпай қойды...

Сол кезде ақ оны ұнататын едім. Әрине ол кезде ондай сезімдермен Әлі таныс емес едім, бірақта сол сәттерде ақ басқалармен салыстырғанда сол қызға деген көз қарасым ерекше еді. Бақша уақыты бітіп мектепке баратын кез келді, екеуміз екі бөлек мектепке аттандық. Сол сәттен арадағы өткен он бес жылдын ішінде бір бірімізді екі үш рет сырттай ғана көрдік. Жастық және қобалжу шығар, сонда жақындап сөйлесу дегенге мән бермеппіз.

Жақында интернетте серундеп отырып сол қыздын суретін кездестіріп қалдым: ішімде бір қуаныш пайда болды деуге болады.

-          Дакош, таныдың ба?

-          Әрине таныдым, Олж ...)))

Жүрегім сол кезде бір басқаша қалқып өзімді өзгеше сезіндім. Кешкі кездесуді асыға күтіп, сағатты жетіге жеткіздім. ”Сол қалпы, мүлдем өзгермеген, сол әдемі күлiмсiреуi...  сол баяғы мен білетін Дакошам”, - деген ой асыға жетті басыма.

Сол кеште бір бірімізбен жарыса отырып әңгімеміз бірінен кейін бірі таусылмай ақты десекте болады. Өткен уақытта болған оқиғаларымызбен бөлісіп бір тамаша кеш өткіздік. Енді, келесі кездесуімізді асыға күтүдемін, достар.

0
1298
3