Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:30, 01 августа 2016

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23%-дан астам төмендеді

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23,1%-ға төмендеді (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін).

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып (Төтенше жағдайлар комитеті) транспорттық медицина құрылған болатын. Бұл – санитарлық авиация, трассадағы медициналық-құтқару пункттері болып табылады.

Санитарлық авиация қызметі 5 жылдың ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыңнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыңнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.

Республикалық маңызы бар жолдардың аса қауіпті учаскелерінде трассадағы 40 медициналық-құтқару пункттері құрылды. 5 жылда жол-көлік оқиғалары орын алған жерлерге 4 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, 12 мыңнан аса зардап шеккендерге, оның ішінде 800 балаға медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар,  Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ)   15 жылдың ішінде оОрталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деңгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оңалту бойынша диагностикалау мен емдеудің 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды.

2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын және алыс шетелден жетекші мамандарды шақырумен шеберлік кластарын, семинар-тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардың топтамасы үшін  ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Жеке және көптеген жарақаты бар ауруларды емдеуде остеосинтездің кішіинвазивтік әдістері аурулар стационарға түскен бір сағат ішінде жасалады. Бұл  бұғанасы, білегі, тобығы сынған ауруларды стационарлық емдеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартуға, гипстік иммобилизациялауды болдырмауға және оңалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Алыс және жақын шетелдің жетекші травматология және ортопедия орталықтарымен қарым-қатынас орнатудың нәтижесінде АҚШ, Испания, Австрия, Швейцария және Германияда өткізілетін диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларына үйрететін тренингтер мен семинарларда институттың мамандары мен ғылыми кадрларының дайындығы жүргізіледі. Осы жылдары Еуропа мен АҚШ-тың үздік клиникалары базасында 100-ге жуық маман оқытылды.

 
0
211
0