Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:28, 08 июля 2016

Үкімет отырысында А. Мырзахметов АӨК-дегі инвестициялық жақсарту жоспарын ұсынды

Баспасөз релизі
08.07.16ж.                                                   Астана қ.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды.

Аталған Жоспар шеңберінде Министрлік кредиттер бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерлемені 7%-дан 10%-ға және техника мен малға арналған лизингті 10%-дан 13%-ға дейін көбейтуді ұсынды. Егер қазіргі кезде пайыздық мөлшерлеме 19% болғанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайыздық мөлшерлеменің 9-12 %-ын төлеп келген болса, енді келешекте олар 6-9%-ды төлейтін болады.

Сондай-ақ Жоспарда мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты азайту мақсатында мемлекеттің кепілдігімен халықаралық қаржы ұйымдарының, оның ішінде Ислам даму банкі мен Европаның Жаңғырту және Даму Банкiнен заем қаражатын тарту көзделген.

Корпоративтерді дамытудағы кедергілерді жою мақсатында Салық кодексінің ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін міндетті түрде жерінің болуы бойынша талаптарды алып тастауды көздейтін арнайы салық режимі бөлігінде өзгерістер енгізу қарастырылды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сауда орындарымен тікелей байланысын орнату мақсатында Жоспарда Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін сауда орындарын жалдау ақысын субсидиялау түріндегі жаңа мемлекеттік қолдау тәсілін енгізу мүмкіндігін қарастыру көзделеді.

Осылайша, жоғарыда аталған Жоспарды іске асыру АӨК-ке инвестициялар тартуға арналған жағдайды жақсартуға, АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, АӨК субъектілерін сумен қамсыздандыруға, сондай-ақ сауда инфрақұрылымы және отандық өнімді өткізу проблемаларын шешуге бағытталған. 
Іс-шаралар жоспары мүдделі мемлекеттік органдармен, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерімен, «Атамекен» ҰКП-мен келісіліп, қолдау тапты.

Үкімет отырысы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. С. Исаеваның баяндамасымен жалғастырылды.
Вице-министр халық арасында ветеринария саласындағы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен ЖАО ветеринариялық қызметтерінің мал шаруашылығы өнімдері мен шикізат сататын орындарда бақылауын күшейту, ЖАО-лардың малды жаятын жерлерді айқындау кезінде күйдіргі көмілген орындарды ескеру қажеттігін атап өтті.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 
0
447
0