Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
08:39, 04 июля 2016

Атыраудағы Қадір түні. Фоторепортаж.

Ол түні Атырауда боламын деп ойламаған ем. Мың айдан да қадірлі, Жәбірейіл адамдарға қызмет ететін күні еліміздің батысында боламын деп ойламаған едім. Сәтіміз келіп, сапарымыз оңымыздан шығып осы бір қалаға жетіп қалдық.

Атыраудың орталық мешіті "Иманғали" деп аталады, Атыраудың қақ ортасынан орын алған бұл ғимараттың паркімен бірге алғандағы аумағы 10 мың шаршы метрге жуық, ал жекелей алғанда 1300 шаршы метр.

Биіктігі 23 метр болатын күмбезінің диаметрі 7 метр, екі жағынан 26 метр болатын екі мұнарасы бар. Исатай-Махамбет ескерткішінен 5 минуттық жолда, жан-жағы банктерге толы, қаланың орталық алаңында орналасқан.

Blog post image

Уақыт түнгі 11-ден асқан сәтте бұл мешіт жаққа такси ұстап жетіп қалдық. Адамдардың көптігі таң қалдырды, алайда, мешіт ауласының әр сантиметрінде бір адам жүргендей көрінді маған.

Blog post image

Ер азаматтар кезектесіп, намаз оқуға асығуда. Алдыменен дәрет алу бөлмесіне, сондықтан, намаз оқып жатқан әйелдердің алдынан өтуге тура келеді.

Blog post image

Ер азаматтар намаз оқып жатыр, ол жаққа өтуге мүмкіндік жоқ.

Blog post image

Мешіттің ауласы өте кішкентай, тұрғызылған үш киіз үйден артық салуға мүмкіндік жоқ. Тіккіңіз келсе де.

Blog post image

Кәрісі мен кішісіне қарамастан намазға жығылған үммет.

Blog post image

 

Аула сыртында, дәлірегі, оратлық алаңда, дәлірек айтсақ, жайнамаз ұстаған жандар көп. Мешіттің ішінен орын табылмағандықтан жамағатпен бірге намаз оқымасқа мешіт ауласымен оның жанындағы территорияда "жайғасады".

Blog post image

Аулы ішінде осындай қазандықтар орантылған. Сәресіне дайындалып жатыр. Ошақ басында жүрген еркектер.

Blog post image

Ас бар жерде балалар да бар, мына жігіт ағасына асарлатып жатыр.

Blog post image

Ет дайындалып жатыр. Сәресіне әлі 4  сағат бар.

Blog post image

Ошақ етті күтуде.

Blog post image

Киіз үйлердің жақындығынан адамдардың кептелісі қатты білінуде. Бір жағы кіріп, бір жағы шыққанша көп уақыт кетеді.

Blog post image

Бұл адамдардың қазіргі таңда бір ғана ойлағаны бар...

Blog post image

Біреулерді күтіп жатыр.

Blog post image

Тарауық оқылып біткенше, шай да қайнап қалады.

Blog post image

Мешіттің іші небәрі 600 адамға арналған. Салыстырып қарасақ, Алматы орталық мешіті 7000 адамды қабылдай алады, 10 000 адамдық   Хазірет Сұлтан, Павлодардың Мәшһүр-Жүсіп мешіті 2000 ер адам мен 500 айел адамды қабылдай алады. Осы бір фитнес-орталықты алып тастап, мешіттің ғимаратын созса қалай болар еді.

Blog post image

Үлкен мешіттің қажеттілігі орталық алаңға шыққанда бірден көзге түседі. Тақия киіп, хиджабқа оранған Пайғамбар (с.ғ.с) үмметі көптеп серуен құруда.

Blog post image

Құқық қорғаушылар өте аз көрінді алаңда. Осыған қарағанда, мешітте үлкен шенеуніктер жоқ-ау...

Blog post image

Бесігінен құранды үйретіп, жасының баласына намаз үйрететін, 200 мың қазағы мен шетелдік азаматтарға толы "мұнайлы астананың" мен көрген ислами әлемі осындай.

 

4
1545
0