Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:24, 16 июня 2016

Ауыр салмақтылар конкурсы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

16.06.2016 ж. Астана қ.

Ақмола облысында  бірінші халықаралық ауыл шаруашылығы «Ұлы Дала 2016» көрме-шеруі өз жұмысын бастады.

Бұл көрмеде астық жинайтын және азық жинайтын техникалардың, трактордың, дәнсепкіштің, тырманың, терең қазғыштың, дискатордың, шөп шабатын машинаның, және басқа техниканың заманауи үлгілері көрсетіледі. Бұл шара техниканың тест-драйвері мен мүмкіншіліктерін көрсетумен жалғасады.
Сондай-ақ, көрме аясында ІҚМ «Ангус» тұқымының конкурсы мен әр түрлі класта чемпион мәртебесін беру конкурсы өткізілді.  «Ангус» тұқымының көрмесінің негізгі мақсаты ангус тұқымының ең жақсы малдарын көрсету; асыл тұқымды жұмыстың жүргізуінің дұрыстығын бағалау және анықтау; ІҚМ Ангус тұқымын өсіру бойынша ең жақсы зауытшылардың жұмыстарының үлгілерін көпшілікке таныстыру; шаруашылықтардың жетістіктерін паш ету.
Қазіргі таңда Ангус тұқымын өсіретін 50-ден астам зауытшылар қызмет етеді. Ангус тұқымының бағалығы мәрмәр етіне сұраныс пен жоғарғы дәмді қасиетінде байқалады, атап айтқанда мәрмәр етіне сұраныс фермерлердің инвестициялық технологияларына ауқымды қаржыны жұмсауына, ғылыми сүйемелдеуіне және осы тұқымның генетикалық мүмкіндігін әрі қарай дамытуға ықпал етеді.

Асыл-тұқымды ірі қара «Ірі қара малдың экспорттық мүмкіндігін арттыру» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдан бастап әкеліне басталы. Қазір импортталған ІҚМ-дың 61%-н Ангустар құрайды.

Анықтама:
Қазақстан Ангусы республикалық палатасында тіркелген асыл тұқымды Ангус тұқымының саны 40 мың бастан асады. 2015 жылдың нәтижесі бойынша 5006 бас Ангус тұқымы сатылды.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

 
0
534
0