Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:45, 02 апреля 2016

Главный редактор журнала «Әлімсақ» Нурлан Нурмахан об отечественной журналистике

МНЕНИЕ // Нұрмахан Нұрлан Көбегенұлы, «Әлімсақ» республикалық журналының бас редакторы, Қызылорда қаласы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

Blog post image

- Журналистік зерттеу жанры қазақ баспасөзінде қаншалықты дамыған?

Қазақстанда журналистік зерттеу жоқ деп айтуға болмайды. Ол орталықтарда бар, сосын облыстық деңгейде де бар. Журналистік зерттеу мемлекеттік ақпарат құралдарында жоқтың қасы, бірақ тәуелсіз басылымдар өз деңгейінде журналистік зерттеулерді жасап жатыр. Алғашқы талпыныс бар, әрине ол деңгейге байланысты ғой. Деңгейге байланысты болғандықтан оны көтеру мәселесіне жан-жақты білетін және сол бағытта үзбей жазып жүрген журналист жалпы зерттеу жасай алады деп есептеймін. Дегенмен, кейбір мәселелерді, ақпаратты журналист зерттеуінде тереңірек бару жағдайында кейде ақпаратты алу мәселесі туындап тұрады. Бізге жеткілікті, толық материалдар да берілмейтін жағдайлар бар, оны біз жасыра алмаймыз. Ол қоғамдағы, қазіргі Қазақстанда бар жағдай.

- Сіз журналистік зерттеу істеп көргенсіз бе?

Мен бұл салада жиырма жылдай қызмет етіп келе жатқандықтан, әр түрлі ақпаратты беруімен қатар, мен журналистік зерттеу, сараптамалық материалдарды жазып тұрдым. Олар құқық тақырыбында болды, әлеуметтік мәселелерді, медицина саласын қамтыған. Нәтиже шыққан да ұтыстар болды. Кейбір адамдарды тәртіптік кеңесінің алдына шығарып, олардан жаза алып көрсеткен уақыттар болды.

- Сіз қай тақырыпты зерттегіңіз келіп жүр?

Мен құқық тақырыбын зерттегенмін және жеке азамат ретінде мемлекеттік бір органды менің құқығыма шектеу жасаған үшін сотқа берген жағдайым бар. Одан ұтып шықтым, құқығыма залал келтірген мекеме басшысы тәртіп шара көріп, кейін көп ұзамай жұмыстан босатылды.

-Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасында журналистика қандай бағытта даму керек? Оған не жеткіліксіз?

Бұл мәселені біз әр түрлі жиналыстарда, семинарларда , бас редакторлар жиналған кезде талқылаймыз. Ескі көзқараста қарайтын журналисттер де бар. Мысалы, Қызылордада мен жас журналисттерге дәріс беремін. Жалпы, осы айтып отырған құқық мәселесі, сонымен қатар қазір жанрлармен шатасып кеттік. Әрине, дегенмен әр жанрдың өз ерекшелігі бар, өзіндік тілі, стилистикасы болады ғой. Осыдан шатаспаса екен деймін. Қазақ журналистикасында әрине журналистік зерттеу арқылы қозғаушы күш болу керек. Журналисттер ақпаратты тереңнен білу керек, сосын тіл білу мәселесі де бар. Сол бағытта қазір жұмыстар өткізіліп жатыр. Қоғамда журналисттің рөлі қандай, оның имиджін көтеру керек.

 
0
2320
0