Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:57, 29 марта 2016

Қыдыр Абдырахманов об освещении в казахстанских СМИ тем, связанных с ЛГБТ

МНЕНИЕ // Абдырахманов Қыдыр Харесұлы, Батыс Қазақстан облыстық «Жастық Үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық «Жастық Үні» қоғамдық саяси газетінің бас редакторы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

Blog post image

- Сіздің ойыңызша, Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-қауымдастық тақырыбы талқыланады ма?

- Бұл сұрақ екі жақты деп айтуға болады: талқыланады да, талқыланбайды да. Дегенімен, бүгінгі заманның ақылына, жастар арлығының жоғарлығына байланысты бұл тақырыпты алға қойып, бір бағытқа жоспарлап, жүзеге асыруға болады деп есептеймін.

- Егер сіз осындай материал кездестірген болсаңыз, олар қандай үндестілікте болды?

- Қазіргі жағдайда қолдайтын БАҚ-тар аз деп есептелінеді. Және бұл үлкен ізденісті талап етеді. Біріншіден осы тақырыпты алған әріптесіміз мәселені толығымен зерттеу қажет. Қарсы жағын емес, дұрыс, зерттелген жағын мен қолдаймын.

- ЛГБТ-қауымдастық тақырыбын талқылау орысша БАҚ және қазақша БАҚ-тарда айырмашылығы бар ма?

- Әрине, айырмашылықтары көп. Біріншіден, орыс тілінде жазатын ағайындарымызға ақпарат тез жетеді. Олар алдын ала, бізден бұрын-ақ қозғаған бұл тақырыпты. Енді қазақ тілінде жаңадан басталған тақырып болғаннан кейін абайлап, жұртты басқа жаққа бұрып алмай, дұрыс түсінікпен апаратын ақпараттар болса, осы тақырыпты тыңдайтын оқырмандар болады деп ойлаймын.

- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып қалай айтылған?

- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып өте сирек кездеседі. Сондықтан бұны бүгін негізгі мәселеге айналдырып, дұрыс бағытпен әрі қарай дамыту керек деп өз басымен есептеймін.

- Сіздің ойыңызша, осы тақырыпты қоғамда, жастармен талқылау керек пе?

- Осы тақырып туралы сөйлесу керек деп санаймын. Жастар дұрыс даму жолын таңдап алу үшін бұл сұрақты жан -жақты зерттеу керек, сосын ғана олармен бұл жайлы сөйлесу керек.

 
0
791
0