Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
11:22, 28 марта 2016

Журналист Абай Тагибергенов об освещении тем, связанных с ЛГБТ-тематикой, в казахстанских СМИ

МНЕНИЕ // Абай Тагибергенов, облыстық газетінің журналисті, Қызылорда қаласы #humanrights@misk_kz /// #равныеправаА19кз#equalityA19kz

Blog post image

- Сіздің ойыңызша, Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-қауымдастық тақырыбы талқыланады ма?

– Жалпы бұл тақырып біздің қазақ журналистикасында болуы мүмкін. Неге бұрын қозғалмаған тақырып болған дейсіз ғой. Қарап отырсақ, біздің журналисттер әлі осыған тақыр ретінде қарайды. Осы тақырыпты қозғау арқылы журналистік деңгейін көтереміз, көзқарас қалыптастырамыз. Ал көзқарас қалыптасса, даму жылдамырақ өтеді.

- Егер сіз осындай материал кездестірген болсаңыз, олар қандай үндестілікте болды?

– Осы тақырыпта жазылған материалдар аз. Және мен бұл туралы жазбайтын едім. Әр адамда осы мәселемен байланысты өз білімі болуы тиіс. Маңыздысы – тақырыпты тереңнен барып зерттеу және тек зерттеп болған соң ол туралу жазу.

-ЛГБТ-қауымдастық тақырыбын талқылау орысша БАҚ және қазақша БАҚ-тарда айырмашылығы бар ма?

– Иә, айырмашылық бар. Өйткені бұл жерде тәрбие де басқа, көзқарас басқа, қоғам да басқа. Орыс журналистикасында бұл тақырып актуалды болуы мүмкін, ал бізге осының бәрі енді ғана келе жатыр. Бізде қазақи көзқарас, тәрбие. Оны біз күнә деп санаймыз, сондықтан да айырмашылық міндетті түрде болады.

- Қазақ тіліндегі БАҚ-тарда осы тақырып қалай айтылған?

– Жалпы жастардың интеллектін зерттеу керек, көзқарасын білу керек. Кез келген адамдармен бұл тақырыпқа әңгімелесуге болмайды, тек зияткерлік жастармен пікір алмасуға болады.

 
0
475
0