Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
03:08, 26 марта 2016

БАТЫЛ ЖҮРЕК АҚТОЛҚЫН

Blog post imageӘлем және Қазақстанға танымал спортшы, сондай-ақ жәй ғана Тараз қаласының тұрғыны Ақтолқын Смағамбетовамен қысқа да қызықты сұхбат.

Ақтолқын, Спорт әлеміндегі алатын орныңыз ерекше. Қандай күрес шараларына қатыстыңыз? Спорттық тәжірибеңізбен бөліссеңіз...

Мен самбо,белбеу күресі, қазақ күресі, дзю-до түрлерімен шұғылданамын. Бүгінде самбо күресінен Әлем чемпионатының 2 күміс жүлдегері, сонымен қатар самбодан Азия чемпионы, дзю-додан Халықаралық жарыс жүлдегері, Қазақ белбеу күресінен Қазақстанның І дүркін чемпионы атандым. 80 кило салмақта белдесемін. Мұның барлығы мен үшін үлкен жетістік.

Неше жасыңыздан бастап спортпен айналысасыз?

6-7 сынып оқып жүргенімде спортқа деген қызығушылығым күн санап өсе берді. 13 жасымнан бастап аталған күрес түрлеріне қатыса бастадым.

Бос уақтыңызды қалай пайдаланасыз?

Спортшыларда бос уақыт болмайды . Жаттығу, жаттығу, тағы да жаттығу. Тек сол кезде ғана мемлекет алдында өз борышымызды ақтап, туымызды асқақтата береміз.

Спорт профиынан өзге жұрт білмейтін қандай қабілеттеріңіз бар?

Мен суретшімін. Бала кезімнен сурет салуға құмармын. Дегенмен, қазір бұл сүйікті ісім екінші орында.

Ақтолқын Смағамбетова отандық және әлем жұлдыздарынан кімдерді тыңдайды?

Мұзарт тобының жанкүйерімін. Әсіресе, Мейрамбек ағаның әндеріне де, өзіне де ғашықпын ... Барлық әуендерін жатқа білемін десем де болады. Шетелдіктерді тыңдамаймын.

Қыздың жасын сұрамайды, әйткенде мені таң қалдырғаны Ақтолқын бар болғаны жиырмада. 13 жасынан бастап көк туымызды көкке желбіретіп жүрген қазақтың балуан қызына тәнті болдым.

0
1035
0