место в рейтинге
  • 85472
  • 291
  • 74
Нравится блог?
Подписывайтесь!

"Рамазан" сөзі нені білдіреді?

Имам Ғазали "Мукашафатул Кулуб" атты шығармасында "Рамазан" сөзінің түбірі «аррамдае» сөзінен шығатынын айтады. Бұл бір нəрседен ұзақ болу, алыстау, арылу мағынасына келеді. Яғни, Рамазан айында адамдар ашқұрсақ болу арқылы күнəларынан арылатындықтан, ауыз бекітіп құлшылық жасауды осылайша атаған.

Вағаби атты ғұламаның жеткізуіне қарағанда, жаһилия дəуірінде адамдар аптап ыстық пен қақаған суықта ауыз бекітетіндіктен, осы атауды көбірек қолданған. Басқа дереккөздерге қарағанда «аррамдае» — бір нəрсені өртеу деген сөз. Яғни, ауыз бекітумен күнəлар өртеледі деген мағынаны білдіреді.

Бірде Хақ Елшісі (с.а.у.) үзеңгілес серіктерімен әңгіме-дүкен құрып отырғанында бір бәдауи араб пен иуда дінін ұстанатын яһуди келіп, сәлем береді. Амандық-саулықтан соң әлгі яһуди: «Ұлы Жаратушы Рамазан айында ауыз бекітіп, ашқұрсақ жүруді не үшін парыз қылды?» – деп сұрайды.

Адамзаттың ардақтысы (с.а.у.): «Біздің әуелгі атамыз Адам (с.а.у.) ұжмақта жүргенінде Алла-Тағала тыйым салған ағаштың жемісін Ібілістің азғыруына еріп жеп қойған. Осы күнәсі үшін Ұлы Жаратушы оны қатаң жазалап, ұжмақтан сынақ әлемі саналатын жер бетіне түсірген. Адам (с.а.у.) және оның ұрпақтарына да тиесілі боп бекіген сынақ бойынша біз бұл дүниеде келгеннен кейін күнәларымыздан арылуымыз қажет-тін. Адам (с.а.у.)-ның ұжмақта жеп қойған жемістің қалдығы оның асқазанында бір ай жатады. Адам атамыз Алла-Тағалаға бір ай бойы үздіксіз құлшылық жасап, кешірім сұрағанда ғана бойындағы арам жемістің уыты кетіп, толыққанды рухани тазарады. Бұл сынақ Адам атаның ұрпақтарына да тән болып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатыр. Осы үрдістің негізінде менің үмбетім Рамазан айында отыз күн ауыз бекітеді», — деп асқан даналықпен жауап береді.

Иуда дінінің қасиетті кітабы Тауратта ауыз бекіту туралы арнайы үкімдер болмағанымен, ораза тұту терістелмейді. Мысалы, Мұса (с.а.у.)-ның қырық күн ораза тұтқаны туралы айтылады. Яғни, Мұса (с.а.у.) Иуда қауымының пайғамбары болғандықтан, яһудилер ораза тұтуға қарсы келмейді. Керісінше, Мұса (с.а.у.)-ның жасаған ғибадаты деп, ораза тұтуға құрметпен қарайды.

Яһуди дінтанушысы Иосиф Бурга: «Ораза тұтып, біз тәнімізді азаптағанымызбен, жан-сарайымызды жадыратамыз. Құлшылықтың бұл түрі әрбір яһудиді ұшпаққа (яһве) шығарады», — деп, ораза тұтуды жан-тәнімен құптайтынын білдіреді.

Дағфел ибн Ханзаланың жеткізуіне қарағанда, Хақ тарапынан Ислам діні нәзіл болғанға дейін христиан дінінің өкілдері жыл сайын бір ай ораза тұтатын болған. Бірде олардың билеушілері қатты науқастанып, оның дертінен айығып кетуі үшін халқы отыз күн оразасына тағы да он күн артық ауыз бекітуге ниет етеді. Билеушілерінің беті бері қарағанмен, сырқатынан құлан-таза сауығып кете қоймайды. Христиан билеушілері толық айығып кетсін деп, Құдайға жалбарынып, тағы да жеті күн ораза тұтуға ниет етеді. Осыдан келіп, христиандарда қырық жеті күн ораза тұту үрдісі қалыптасқан.

Христиандардың қасиетті кітабы Інжілде ауыз бекітудің парыз екендігі туралы нақты айтылмайды. Бірақ, Зәкәрия бөлімінің жетінші тармағында: «Жетпіс жыл бойы бесінші және жетінші айда тұтқан оразаңызды таяқ жеген кезде мен үшін тұттыңыз ба? Сондай-ақ, ішіп-жеуді өзіңіз үшін істемейсіз бе?» (Киелі кітап, Зәкәрия бөлімі) — деп бұйырылады.

Інжілдің Мадда нұсқасының алтыншы бөлімінің он алтыншы тармағында: «Сонымен бірге, ораза тұтқан кезіңізде, екіжүзділер секілді сурет ілмеңіздер; өйткені олар өздерінің ораза тұтқандарын жұрт білсін деп суреттерін іліп қояды. Ең дұрысы сіздерге айтарым: Олар қарымтасын алды. Бірақ, сен ауыз бекіткен кезде, басыңа май жағып, жүзіңді жуу. Адамдарға емес, ораза тұтып көзге көрінбейтін Раббыңа көрінесің. Ол саған (құлшылығыңның) қарымтасын береді», — деп бұйырылған.

Хасан Басри мен Муфессер Суддидің айтуына қарағанда, христиандардың бір тармағы көктем мезгілінде елу күн ауыз бекітетін болған. Ал, Христиан дінінің православия бағытын ұстанушылар әрбір жыл сайын төртінші сәуір мен бесінші мамыр аралығындағы пасха мерекесінде ораза тұтады.

Имам Ғазалидің жеткізуіне қарағанда, Яһуди және Христиан діндерінде ораза тұту парыз құлшылықтардың бірі болғанымен, Ислам дініндегі оразадан біршама өзгешеліктері бар. Яһуди және Христиан діндері бойынша таң сәресінде ауыз бекітілмейді. Сонымен бірге, бұл діндерде жылдың қақаған қысы мен шіліңгір ыстығында ораза ұсталады. Ораза ұстаудың мерзімі мен шарттарында да біршама ерекшеліктер бар. Десек те, Иуда және Христиан дінін ұстанушылар ораза тұту құлшылығына ерекше құрметпен қарайды.

Ал, мұсылман қауымына Рамазан айында ораза тұту көш реформасының екінші жылы «Ей, иман еткендер! Ораза тұту сіздерден бұрынғыларға парыз болғаны секілді, сіздерге де парыз етілді» (Бақара/183) деген үкімнің нәзіл болуымен парыз болып бекіді.

Имам Ахмад ибн Ханбалдың айтуына қарағанда, көш реформасынан кейін мұсылмандардың ораза тұтуында мынадай үш өзгеріс болған:

Біріншіден, мұсылмандар ораза тұту туралы жоғарыдағы аят түскенге дейін де әрбір айдың ортасында ай толған шақта үш күн және ашура күндері ораза ұстайтын. Ал, Мәдина дәуірінде тұтас Рамазан айында ауыз бекіту парыз болып бекіді.

Екіншіден, науқас және сапарда жүргендер мен қарттар, сондай-ақ, омырауында сәбиі бар аналар, өзге ауыз бекіткен мұсылманның ас-ауқатын берген болса, ораза тұтудың орнын толтырған болып есептелді.

Үшіншіден, мұсылмандарға ауыз ашып болғаннан кейін жұбайларына жақындауға рұқсат берілді. Яғни, көш реформасынан кейінгі екінші жылдан (624 ж) бастап Алланың разылығы үшін Рамазан айында ауыз бекіту мұсылман қауымына үрдіс болып қалыптасты.

Алла-Тағаланың разылығы үшін ораза тұту арғы атамыз Атам (с.а.у.)-нан қалған құлшылық болып саналады. Одан бертінде өмір сүрген бүкіл пайғамбарлар және олардың соңынан еріп, хақ жолын ұстанған жамағаттар да ауыз бекітіп, Ұлы Жаратушының разылығы үшін жан-тәнімен құлшылық қылған. Күллі адамзат баласына ортақ саналатын ораза тұту үрдісі осылайша бүгінгі күнге жетіп отыр.

Мұхан Исахан

Дереккөзі:

26 августа 2010, 11:19
930

Загрузка...

Комментарии

Ассаламу алейкум.
Ораза калай отип жатыр?
уағалейкум ассалам! Керемет өтіп жатыр! Сенің де оразаң қабыл болсын!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 22842
  • 28
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10868
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10257
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 7499
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7040
  • 19
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5637
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 5128
  • 35
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5269
  • 88
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4562
  • 4