• 5841
  • 51
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Абай-Фурманов пен Абай-Алтынсаринның арасы...

Сағат кешкі 6.10-6.15. Аялдамаға жұмыстан шыққан халық жиналып-ақ қалған. Ұзыны, аласасы, қарасы, сарысы, наушнигі бары, наушнигі жоғы, сумкалысы, сумкасызы бар түрлі кейіптегі, нәсілдегі, әлеуметтік, діни топтағы адамдар күбірлесіп, дабырласып тұр. Азан-қазан болып, қара түтінін будақтатқан неміс, жапон, орыс көліктері лек-легімен келіп көше бойына тығылып жатыр.  Абажадай автобустар "Алматы - портты қала" деген қалжыңды еске түсіріп, пароходтың гудогына ұқсас жоғары деңгейдегі децибелді сигналдарын басып өңкитіп келіп-ақ қалғанда еріксіз артқа шегінесің. Еті үйреніп кеткен кебіреулер айналадығы мегаполистік "хаосқа" мәу дер емес. Алматы-Астана тас жолында келе жатқандай Абайдың бойымен жүретін қоғамдық көлік аңыратып келді де, ар жақтағы қатардан жолдағы жүргізушілердің боқтық сөздерін жинап, бұрылып аялдамағы келіп тоқтады. Көлік терезесінен әлдебіреудің басы мен сол бастың жанындағы түрегеп тұрған біреудің көтені көрінеді. Яғни автобустың іші лық толған адам деген сөз. Ғылыми-фантастикалық түрде автобустың темір бүйірін созғылап тағы оншақты адам отырдық. Орын тауып отырамын деп иегіңіз қышымай-ақ қойсын, сіз тұрмақ елуді алқымдаған егде жастағылардың өзі өзінен үлкендерге тұрып орын беруде...Арт жақтағы бесорындық орындықта ғана жзастар отыр, бірақ оған жете алмайсыз, себебі:

  1. Екі ортада тұрған адамдарды бір орам динамитпен немесе улы газбен құлатып өтпесе, өте алмайсыз;
  2. Отырған адамдардың бәрі қалың ұйқыда, оған себеп 8-сағаттық жұмыс күні мен әлемдік экономикалық дағдарыс салдары;

Сіріңке қара, шашын өсіріп жіберген жасөсіпірім жігіт есіктің аузында "кинг-конгтік" тәсілмен, яғни бір жартысы сыртта, бір жартысы іште, автобустың баратын жерін айтып аялдама сайын айқайлап келеді...

Толассыз кіріп жатқан адам...

Шаршаған кейіп, үңірейген көз, қатыңқы қабақ, суалған ұрт...

Ұрсысқан халық...

Бағдаршам... аялдама...пробка...тағы бағдаршам...тағы аялдама...тағы пробка...

Осылай кете береді...

Тек сығылысқан жұрттың арасында, мүңкіген иістен ауыз-мұрныңды жауып, біреудің қолтығының астынан басыңды шығарып тұрғанда терезеден ақ шаңқан, әдемі, салқын да таза көлікте кетіп бара жатқан қымбат киімді бозбала мен сұлу бойжеткенді көргенде барып ойың бір сәтке бөлінгендей болады....

bombom
26 августа 2010, 13:36
795

Загрузка...

Комментарии

Мда. Дал осылай гой бари...Шамалы кателер кетипти.
bombom
0
0
Асығып отырып жаздым.
Бұның барлығы қарапайым халықтың күйбең тіршілігі ғой. Қымбат киімді бозбала мен қыздардың түсіне кіріп те шықпас...))))
bombom
0
0
Әрине...бірақ кейде күйбең тіршілік көлемі нервыңды қоздырып жіберетіні жаман-да,көтек...
Ол да бар. Онсыз қалай? Бұл болмаса, оның орнына жүйкені тоздыратын басқа нәрсе тез табыла қояды ғой)))
bombom
0
0
Идеалды, утопиялық өмір жоқ дегіңіз келеді ғой...Ал "байлар да жылайды" дегенмен келісесіз бе?
Байлар да адам ғой... неге жыламасын? Тәңірдің алдында барлығымыз бірдейміз.))
Әрине, ҚҰДАЙ алдында пенденің бәрі бірдей. Бірақ кейде өмірде көрген қиындығың о дүниеде жақсылықпен қайтады дегенді кедей-кепшікті алдаусырату үшін байлар мен бағландардың ойлап тапқаны ма деген қыңыр-қисық ой келеді маған...
Барлығы мүлдем жаман болуы мүмкін емес. Меніңше, әрбір адамның өмірінде қуанарлық бір нәрсе болады. Ол үшін о дүниеге барып, жақсылыққа кенелудің қажеті жоқ. Мүмкін кейде азсынып, мұрынның астындағы түймейдей болса дағы алтынымызды бағаламай, көкке қарап жатамыз. Ал негізінде, бағалай білген өз өмірінен ақшадан әлдеқайда қымбат нәрселердің бар екенін көре алады.)))
Барлығы мүлдем жаман болуы мүмкін емес. Меніңше, әрбір адамның өмірінде қуанарлық бір нәрсе болады. Ол үшін о дүниеге барып, жақсылыққа кенелудің қажеті жоқ. Мүмкін кейде азсынып, мұрынның астындағы түймейдей болса дағы алтынымызды бағаламай, көкке қарап жатамыз. Ал негізінде, бағалай білген өз өмірінен ақшадан әлдеқайда қымбат нәрселердің бар екенін көре алады.)))
bombom
0
0
Жоқ, әрине, менің өмірім тек тұлдыр дүние мен түкке тұрмас, тұқымы құрып, тозып біткен "моменттерден" тұрады демеймін))) Бірақ, бір жаманы (әлде жақсысы) кез келген ақпаратқа әу баста күдікпен қараймын, сосын біржақты бола алмаймын...Мен сенетін және ешқашан жоққа шығармайтын бір факт бар, ол - ҚҰДАЙДЫң барлығы. Ал қалған дүниеде...кейде күмәнданып қала беретінім бар.
Мен ақша асатын дүние бар дегенге келісемін, себебі ақша - ол құрал. Өмір сүру құралы. Бірақ қазақтың бір мақалы бар "Қылмысымды тұрмысым билейді" деген. Маркстің сөзімен айтсақ "Умом правит быт"...Яғни қатын-балам аш жатса, өмірлік маңызы бар дүниелерге бас қатыра қоюым екіталай...
Осы орайда айта кететін жайт, университетімізде философия пәнінен бір қарт ағай сабақ беретін. Ешкімге мойнын имеген, арын барлығынан да жоғары ұстаған адам болса керек. Соның айтуынша, қатын-баласы аш, ауру болып, тап-тар бөлмеде жатса да, ешкімге жалынбай, ақшасыз өтіпті ғой.))
bombom
0
0
ахахаха!!!))))))
Өлтірдің, өлтірдің....)))))

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 22151
  • 28
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10845
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10188
  • 71
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 6977
  • 19
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 7084
  • 8
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5592
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 4928
  • 35
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5245
  • 88
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4544
  • 4