Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-4
12:33, 08 февраля 2016

ІЗГІ ӘЙЕЛ — ҮЙДІҢ ЖЫЛУЫ

Ер кісінің бағы мен бақытының айқын белгілерінің бірі - алған жарының жақсы болуы. Ізгі әйел - күйеуінің жердегі жұмағындай. Қазақы нақылдарда да жақсы әйелдің сипаттары көп айтылған. Әйгілі Әнет абыз әйелді жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі болуға тиіс екенін бекер талап етпесе керек.Сүйінбай ақын: "Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай" деп әйел затына айрықша баға берген. Томпаңдап жүріп қонақ күтуді күш санамайтын момын қыз-келіншектерді "Жақсы болса алғаның, қоғамды болар жан-жағың" деп сипаттаған термешілер де болды.


Blog post image

Әрине, бұл айтылғандардың бәрі ойдан құрастырылған, бос қиялдан туған өлшемдер емес. Бәрі де асыл дініміз Исламнан қайнап шығып жатқан өмірлік қағидалар еді. Сондықтан шариғат тұрғысынан ізгі әйелдің сипаты қандай деген сауалға жауап іздеп көрелік.

Асыл дініміздің талабы бойынша ізгі әйелдің иманы терең, құшылығы мол болады. Ол өзінің ар намысын, киген киімін, жаны мен тәнін кірден, күнәдан, қиянаттан таза ұстайды. Сондай-ақ ақ некелі жұбайының мал-мүлкін, жар төсегін, бала-шағасын көзінің қарашығындай сақтайды. Ол күйеуімен, туған туыстарымен, көрші-қолаңдарымен қарым-қатынасын барынша көркем мәмілемен атқарады. Өзінің жеке мемлекетіндей немесе шағын патшалығындай болған шаңырағын таза, ұқыпты, жинақы ұстайды. Әйелдің ерлерге қарағанда көп уақыты үйінде өтеді. Сондықтан адам бойындағы жүректің орны қандай болса, үйдегі әйелдің рөлі де сондай. Хадисте айтылғандай "Жүрек жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Жүрек бүлінсе, бар дене де бұзылады." Міне осы қағиданы әйелге де қатысты айтуға болады. Әйел жақсы болса бүкіл үй жақсы, жаман болса бүкіл үй де сондай.

Әйел үшін көше кезіп, бала-шағаның нәпақасын табу міндет емес. Оның бар жұмысы күйеудің тапқанын құрап, ұқсатып, берекесін келтіріп отыру. Шындығында әйел заты күйеуінің өміріне шырақ, көңіліне тұрақ. Бала-шағаның үйдегі таяныш, сүйеніші де көбінесе әйел. Ізгі йел күйеуімен қасиетті Құранда айтылғандай,өзара түсіністік пен толық бағынумен қарым-қатынас жасайды. Күйеуі күнәлі іске бұйырмаса болғаны. Балаларды ізгілікке, туралыққа, әділдікке, қысқасы имандылыққа тәрбиелеу арқылы бүкіл қоғамды жақсартуға мол үлес қосатын да сол ізгі әйел.

Жақсы әйел күйеуінің жүгін ауырлатпайды, керісінше жеңілдетеді. Өзіне қараған көзін қуандырады, шақырса қасына барады. Бұл айтылған сипаттар иманды, діндар әйелдердің бойынан табылады. Сондықтан ардақты пайғамбарымыз жар таңдайтын ер азаматтарға діндар әйелді іздеуді кеңес еткен. Діндарлықты байлығынан да, сұлулығынан да, тектілігінен де артық қойған.

Ізгі әйелдер қатарынан табылғысы келген қыз-келіншектер үлгіні кімнен алады. Әрісі ардақты пайғамбарымызға өмірлік серік болған Хадиша, Айша, Умму Сәлама секілді аналарымыздан, берісі ұлт перзенттерін бауырына басып өсірген Зере, Айғаным, Ұлжан секілді әйгілі аналардан алады. Пайғамбарымыздаң сүйікті қызы Фатима бұл дүние түгіл мәңгілік ақырет әлемінің ең мәртебелі әйелдерінің бірі дәрежесіне көтерілген болатын. Мейірімділік, қанағатшылдық, тазалық, пәктік, сабыр тәуекел сияқты көркем мінездің қай қайсысын болса да осынау ізгі әйелдер сүрген өмірімен, басқан ізімен үлгі етіп кетті.

Алладан алғашқы аяттар түсіп, елшілік міндет жүктеле бастағанда, сүйікті пайғамбарымыздың қасынан табылып, Оның мұң-мұқтажына ортақ болған Хадиша анамыз еді. Мұсылмандықты да ол артық сөзге келместен бірден қабылдады. Ал Айша анамыз ерекше зеректігімен, терең парасатымен, мол білімімен мұсылман әйелдеріне өшпес өнеге болды. Тіпті бірде екі әлемнің сәруары Мұхаммед пайғамбарымыз:" Діндеріңнің жартысын мына Хумайрадан үйреніңдер" деп Айша анамызды меңзеген болатын.

Жинақтай келгенде ізгі әйел болу еңбексіз қол жететіндей оп-оңай шаруа емес. Алайда ізгілік сипатына ие болған салихалы әйелдердің екі дүниедеде баянды бақыт табатыны даусыз.

Ақпаратты  дайындау  кезінде интернет ашық көздердін алынған материалдар қолданылды.


 
-4
2972
1