Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:51, 01 февраля 2016

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандықтарға Оңтүстік Америка елдерінде Зика қызбасының таралып жатқанын ескеруді ұсынады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми ақпараты бойынша 2015 жылғы сәуірден бастап Бразилияда, содан кейін Оңтүстік Американың басқа да елдерінде Зика қызбасының (ЗҚ) эпидемиялық таралуы байқалғанын хабарлайды.

2016 жылғы 27 қаңтарда ауру жұқтыру жағдайлары Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Азия-Тынық мұхиты өңірінің 27 елінде: Барбадос, Боливия, Бразилия, Кабо-Верде, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Фиджи, Франциялық Гвиана, Гваделупа, Гватемала, Гайана, Гаити, Гондурас, Мальдив, Мартиника, Мексика, Жаңа Каледония, Панама, Парагвай, Пуэрто-Рико, Сен-Мартен, Самоа, Соломонов аралдары, Суринам, Тайланд, Венесуэладатіркелген.

ЗҚ вирусы адамдарға тропикалық өңірлерде тіршілік ететін вирус жұқтырған москиттер мен Aedes albopictus және аegypti тұқымы масалары шаққан кезінде беріледі.

Вирус адамнан адамға берілмейді. Ауру 4-7 күн бойы жеңіл және орташа ауыр клиникалық түрде өтеді және сауығумен аяқталады. Негізгі симптомдары дене температурасының көтерілуі, тері бөртпесі, конъюнктивит, буынның ауыруы, бас ауыруы, кей кезде жүрек айну және құсу.

Сонымен қатар, адамның іштегі нәрестесіне елеулі әсер етуі туралы деректер бар. Әйелдердің жүктіліктің алғашқы 3-4 айында жұқтыруы нәрестенің дамуында аномалияларға, оның ішінде нәрестелердің микроцефалиясына  алып келеді. Арнайы вакцинациясы және емі жоқ.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті шетелдік сапарларға бару кезінде берілген ақпаратты ескеруді және ЗҚ бойынша қолайсыз елдерге эпидемиологиялық ахуал қалыпқа келгенге дейін әсіресе жүкті әйелдерге мүмкіндігінше сапарлардан бас тартуды ұсынады.

Осы өңір елдерінде болу қажеттілігі туындаған жағдайда масалар мен москиттерден қорғану бойынша шараларды (репелленттер, жеңі ұзын киім, шалбар) пайдаланған орынды, шалшықтанған жерлерге және басқа да масалар жиналған жерлерге бармау, егер москит торларымен жабдықталмаған болса, қонақүйлерде терезені ашпау, ауа баптағышты пайдалану керек.

Қолайсыз елдерде болған кезінде және сапардан келгенде ауру симптомдары пайда болған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

0
313
0