Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
5
11:01, 05 декабря 2016

Өзгеше Өскемен... Өспеген

Жаз сайын еліміздің һәм жақын шетелдің бір-екі қалаларын аралап бару жақсы дәстүрге айналып бара жатыр. Мақсаттары әрқашан әртүрлі: қыдырып, я білім алу, туысқандық, немесе жастар лагеріне. Осы жолы еліміздің ескі шаһарларының бірі — Шығыстың қазрігі астанасы (әлбетте, семейліктердің ашуын келтіру үшін жазып жатқаным жоқ) Өскемен қаласына ат басын бұрдым.

Өскеменге жазда келсеңіз бірден көзге түсетіні — ағаштар, парктердің көптігі. Қазақстандағы жалғыз парк осы қалада, Жастар саябағының ортасында отырып, көліктің дауысын есітмейсіз.

Blog post image

Көшеде жайқалып ақ қайындар жатыр. Әрине, қаланың жасыл болуы себебі — экологиясының нашарлығында, әсіресе, «выброс» кезінде. «Выброс» — деген ірі өндіріс орындарының зиянды заттарды шығаруы деп дефинициаласам болады-ау.

Blog post image

Қаланың ішінде «ескілік» дейміз бе, «ретролық» дейміз бе, әйтеуір, кешегі заманның иісі аңқып тұр. Әсіресе, көп қабатты үйлердің мүлдем жоқтығында бір кешегі күннің ала алмай кеткен өші жатқандай.
1720 жылы негізін қалағандықтан болар, бұл қаланың адам саны Павлодар, я Қостанайдан аспаса да, алып жатқан аумағы әлдеқайда үлкен боп көрінді. Яғни, кеңес заманында жоспар бойынша салынған қалалардан қарағанда, елу жыл сайын өз орталықтары мен әкімдіктері пайда болғандықтан сондай-ау деймін. Алайда, сол ертедегі орталыққа бармаса болмайды.

Blog post image

Кешегі көпес қыздарының үйлері бүгінде сұлулық салондарына айналды.

Мына ғимараттың не болғанын білмеймін, алайда, олимптай көршісі барына қарттың мәз еместігі көрініп тұрғандайын.

Blog post image

Өскеменнің көліктерінде де кешегі күннің суықтығы сақталғандай. Ал мына бір көліктің не үшін арналғаның әлі де түсінбей келемін.

Blog post image

«Кеңес Үкіметіненбіз» деп зарлап тұрған тағы бір өзгешелік — автобустар. Жаңа автобустар Астанада бар, Алматыда, бар, Павлодарда бар, бірақ, Өскеменде емес.

Blog post image

Мені «Семейде жасалынатын автобустар бар» дегенге көндіргісі келді, тіпті біреуін көрсетті, сол біреуін көрсетіп отыру үшін әкелген-ау деп қалдым. Қаланың лас болу себебінің бірі осы ескі автобустар да болуы мүмкін.

Blog post image

Жаңадан не бар деген сұраққа "Қазақстан 2050" деді.

Blog post image

Еліміздің шағын және орта бизнес өкілдерінің креативтілігіне қашан да сүйсініп қараушы ем. Мына бір шауырма шығарушылар Макдональдсті теріс аударып тастады.

Blog post image

Blog post image

Мына бір ғимарат жәндіктердің музейі екен. Әрине, ол осындай болуы тиіс, пластмассалы таэурлерде жәндіктер бола алмайды ғой.

Бұл қалада бәрінен де таңқалдырғаны — депутаттардың қоғамдық қабылдауы. Ешбір пафоссыз, еш мақтанышсыз таңдалған офис.

Blog post image

Бәрінен де халқының жол жүру ережесін сақталуы ұнайды. Жасыл жанбағанша ешкім жолды кесіп өтпейді, көліктердің бар-жоғына қарамай, себебі, бұл жерде милиция көп.

Blog post image

Иә, әсіресе, маусым айында қоғам сақшылары көп болады. Жыл сайын бұл жаққа бір елдің басшысы келеді екен. Бір уақытта.

Blog post image

Бұл қаланың басты өзгешелігі — 4 жағалаудың болуы: Ертістің екі жағасы мен, Үлбінің екі жағасы.

Blog post image

Үлбі Кенді Алтайдан бастау алып, Өскеменге келген сәтте Ертіспен бірігеді. Желтоқсанда қатып, сәуірде молданатын қасиетке ие.

Blog post image

Заречный базары — барлығы көк түсті палаткаларда болғаны қызық.

Blog post image

Мен білетін Тимоштардың барлығы «ТамЕрлан» еді, мына бір сауда үйінің атауы Шығыстың Ресейге жақын болуы себепті ме деп қалдым.

Blog post image

Blog post image

Өскеменнің басты символы — "Қазақстан" «голивуды».

Иә, бір қарағанда Ресейдегі Барнаул, Омбы қалаларының типінде. Сырт көзге қазақ санының басымдығы көрінбейді. Заманауи ғимараттар мен биік мұнарлар, тұрғын-үй кешендерін кездестіру қиынға соғады. Бірақ, соған қарамастан, жаз айларында бір қыдырып қайтқыңыз келсе, тауды көріп, тамаша парктерде серуендеп қайтқыңыз келсе — Өскемен керемет қала.
Келетін болсаңыз, ешбір қаламызда жоқ таза орыс асханасынан дәм татып қайтыңыз.

Blog post image

 


5
972
0