Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:37, 06 декабря 2015

ЖАСТАР САНАСЫНА ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ КЕРІ ӘСЕРІ

Бүгінде әлемнің барлық мемлекеттері діннің атын жамылған радикалды ұйымдардың қауіп-қатерімен бетпе-бет келіп отыр.Әлем елдерінің дін оқымыстылары мүддесі бөлек радикалды топтардың ұлтаралық, дінаралық татулық пен тұрақтылыққа селкеу түсіретініне үлкен алаңдаушылық білдіруде.

Баспа басылымдар мен ғаламтор беттеріндеалыс-жақын шетелдердегі және Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге байланысты орын алғанмәліметтер жетерлік. Бұл– аталған мәселенің ғаламдық деңгейде белең алып бара жатқандығының көрінісі.

Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия аймақтарында ғана емес, терроризм ғаламдық деңгейдетаралғандықтан, алпауыт мемлекеттерде бұл нәубеттің жолын жаба алмай отыр.

Жұқпалы індет іспетті әлемді жайлап бара жатқан лаңкестік сипаттағы қақтығыстардың алдын алып, ел тұтастығына сызат түсірмеу үшін «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама» қабылданып, соған орай бірқатар игі шаралар іске асырылып жатқанын айту ләзім.Оның негізгі мақсаты – діни экстремизмніңалдын алып, терроризм қаупіне тосқауыл қою арқылы қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түрлі лаңкестік топтардың жауыздық әрекеттерінің әлем бойынша және іргелес көрші елдерде орын алуы, елімізді ғана емес, ғаламды лаңкестік нәубетінен сақтап қалудың жолдарын қарастырып,белді бекем буып, етек-жеңімізді жинап, қырағылық шараларын күшейте түсудіталап етеді.

Ұрпақ болашағыәрқашан кез келген өркениетті қоғамның өткір мәселелерінің бірі болған. Асқақ армандармен биік мұраттарға бастайтын жастар – еліміз бен ұлтымыздың, тәуелсіздігіміздіңкелешегі. Қазақстан Республикасы халқының басым көпшілігі – жастар, олар – болашағымыздың кепілі.

«Сақтықта қорлық жоқ» дегендей,ел тұтастығына тұтқа болатын жастарымыздың тәлім–тәрбиесіне баса мән беріп, бүлікшіл топтардың арам пиғылынан, діни фанатизмге бой алдырудан сақтауға,әсіресе дінге бет бұра бастаған жастардың діни сауатты болуына баса назар аударуымыз қажет. Сондықтан, жас буынның таза пейілмен имандылыққа бет бұрған Жаратушыға деген пәк сенімінің соқыр фанатизмге,агрессияшыл, зорлық-зомбылыққа толы лаңкестіктің ықпалына ілесіп, теріс әрекеттергеұласып кетуіне жол бермеуіміз керек.

Бұл құбылыстың басты себептері– діни сауатсыздық,әлеуметтікқұлазу, кейбір қоғам мүшелерінің маргиналдануы,бай-кедей болып бөлінуі,жастардың еліктегіштігі, дінге толық таныммен келмеуі,адасушылық пен діни сауатсыздық сынды факторлар, – деп ойлаймын.

Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып пен дәстүрлі діндерді аяқ асты ететінрадикалды ұйымдардың өз ойларын әртүрлі алдап-арбау тәсілдерімен жүзеге асыратынынжастар біле бермейді. Сондықтан түрлі жат ағымдардың жетегінде кеткен жастар мен кейбір келте ойлы азаматтардың татулық пен тыныштық орнаған бейбіт елден безіп, соғыс өты өршіп тұрған Сирия еліне бала-шағасымен үдере кетуі көңілге кірбің түсіреді.

Олардың Отан алдындағы борышын, ата-баба дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерді, зайырлылық қағидасын, оқуын, ата-ана тәрбиесін тәрк етіп, ұрпақ алдындағы парызсекілді ізгі құндылықтардан мүлдем мақұрым қалуы да түбі жақсылыққа апармайтыны да сөзсіз. Бұл жағымсыз құбылыстың белең алып, «естімеген елде көп» демекші қасиетті «халал» сөзін ластауы, «халал жезөкшелік», «халал жігіттер» деген естуге құлақ ұялатын, есті жан есінен танатын тұрпайы ұғымның пайда болуы – өте өкінішті жайт.Мұның соңы ел ішіндегіынтымақ пен қоғамның тыныштығына, мемлекетіміздің ішкі қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, лаңкестік әрекеттердің орын алуы әбден мүмкін.

Экстремизммен күресте бір ғана елдің немесе қауіп төніп тұрған мемлекеттердіңбірігуі жеткіліксіз. Бұл нәубетті жеңу үшін барлық мемлекеттер мен халықтардың, бүкіл әлемдік қауымдастықтың бас біріктірген қуатының қажеттілігін уақыт талап етуде.

Елбасы айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратын ішкі «сүзгіні» күшейткеніміз абзал.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жуырда ғана Америка Құрама ШтаттарыНью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70- сессиясында қазақ тілінде жасаған баяндамасындатерроризммен экстремизмнен әлемге төнген қауіпті ескеріп,«бaрлық ұлттaрдың әлемдік инфрaқұрылымға, ресурстaрға және нaрықтарға қол жеткізуінің әділ шaрттары негізінде әлемдік дaмудың жаңа трендін қалыптастыру, сондай-ақ, aдамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру» мақсатымен біртұтас халықаралық «Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын»құруды ұсынған еді.

Бұл идеяныңтүпкі мақсаты – жербеті халықтарын лаңкестікпен күресте күш біріктіруге және бейбітшілікте өмір сүруге шақыру.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Раушан Амантай

 
0
2380
0