Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
21:42, 22 ноября 2015

«Тур де Хабар» Латын Америкасына аттанды

«Тур де Хабар» бағдарламасының түсірілім тобы Латын Америкасына аттанды.

Саяхатшылар Оңтүстік Америка континентіндегі 10 елге сапарлап барып қайтпақ. Гватемала, Сан-Сальвадор, Бразилия, Гондурас, Колумбия, Белиз аралдары. Барлығы – 10 ел. Отандық сахатшылар Данияр Орал мен Сапар Ысқақов бірер күн бұрын осы мемлекеттерді аралап шығуға бағыт алды.

«Тур де Хабар» бағдарламасының жаңа маусымында көрермендер аталған елдердің тарихы мен бүгінгі тұрмыс-тіршілігін көруге мүмкіндік алады. Саяхатшылардың жергілікті халықтың қазақтарға гендік ұқсастықтары жайлы зерттеу жүргізу жоспары да бар.

Данияр Орал, «Тур де Хабар» бағдарламасының жүргізушісі:

- Біздің бұл жолғы саяхатымыз өте ерекше. Біз бұл елді бекерден-бекер таңдап алған жоқпыз. Неге десеңіз, қазір барлық тарихшылар инк, майя, якут, жапон, кәріс, қазақ, саха, көптеген ұлттың шыққан жері Алтай деп жатыр. 1000 жыл бұрын Алтайдан кеткен Майя тайпаларының өкілдерінің тілдерінде тіпті біздің қазақтың тілімен ұқсас сөздер бар.

«Тур де Хабар» бағдарламасының түсірілім тобы саяхатын Бразилиядан бастап, Мексика елінде аяқтамақ. Нәтижесінде көрермен назарына кемі 20 жаңа бағдарлама ұсынуды көздеп отыр. 1,5 айлық сапар барысында Қазақстанды насихаттап, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға барымызды саламыз, -дейді саяхатшылар.

Сапар Ысқақов, Халықаралық туризм және спорт академиясының академигі:

- Біздің ел туралы, экономика туралы, «жасыл» экономика туралы мәліметтерді таратып, туризмді дамытуға, адамдармен танысуға, туристерді шақыру, инвестиция тартуға біз үлесімізді қосып жатырмыз.

«Тур де Хабар» бағдарламасы әлемді шарлауды 2 жыл бұрын бастаған. Осы уақыт ішінде олар 42 елде болып қайтты. Болашақта жоба авторлары көрермендерін БҰҰ-ның тізіміндегі барлық 193 мемлекетпен таныстырмақ. Ал саяхатшылардың Латын Америкаға сапары келер жылдың наурыз айында «Хабар»арнасының эфирінде көрсетіледі.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11964

 
1
562
0