Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:11, 02 августа 2010

Миды ширату.

Blog post image

Адамның мазасыздану себептерін сілтеме сауалдар көмегімен анықтау.

ТЕЗИС.

«Мені бәрі ызаландырады».

Реакция берудің тәсілдерінің бірі.

Сені не немесе кім ызаландырады. «ӘНШЕЙІН бәрі ызаландырады». (ЖӘЙ ҒАНА, ӘНШЕЙІН сөзі есіңде ме?).

Өтіп жатқан оқиғалардың арасында қандай факторлар сенің ашуыңды келтіреді?

«Білмеймін».

Сені қаржылық проблемалар ызаландырады ма?

«Жоқ, менде олар жоқ».

Отбасы ше?

«Мүмкін, солай болар».

Сенің отбасылық өміріңде дәл не нәрсе сенің ойыңнан шықпайды?

«Біздің отбасылық жұптағы қарым-қатынас».

Бұл қарым-қатынаста сен нені өзгерткің келеді, сіздің бірлескен өміріңізге қандай өзгерістердің енуін қалайсыз?

«Менің ойымша, әйелім мені сүймейді».

Сен бұл туралы қалай білдің?

«Болжам жасап, аңғардым».

Сен мұны қандай белгілер бойынша анықтадың?

«Ол маған уақытын аз бөледі және бұрқылдап ұрысады».

Оның еш себепсіз бұрқылдайтыны сені ызаландырады ма?

«Себебі бар».

Объективтік пе?

«Иә».

Ол саған өз талаптары туралы айтқандағы дауысының үні (тоны) ұнамайтын шығар?

«Мен оған көндіккенмін».

Ал сені Жердің дөңгелек екендігі ызаландырады ма?

Теңізде құстар емес, балықтардың тіршілік ететіндігі ызаландырады ма?

Композитор Бахтың бейсбол ойнамай, музыка шығарғаны ызаландырады ма?

Мұндай сауалдар шектен тыс бірбеткейлікке, «БӘРІ» сөзіне қатысты.

Әйеліңнің саған қанша уақыт бөлуін қалар едің?

«Мен білмеймін, мүмкін соншалықты, бірақ басқаша шығар».

Қалайша басқаша?

«Аялылау».

Сенің түсінігіңде «аялылау» деген не?

«Жиірек күлу мен ұнамды сөздер айту».

Күткен әрекеттің жүзеге асуы үшін сен не істедің?

«Ештеңе, мен: өзіме көңіл бөлу керектігіне оның өзінің көзі жетер деп ойладым».

Ал ол бұл жөнінде қалай біледі?

«Білмеймін».

Егер сен бұл туралы онымен сөйлессең, онда не болуы мүмкін?

«Қорқынышты ештеңе емес».

Сен қалай ойлайсың, егер сен әйеліңе өзіңді алаңдататынды дұрыс түсіндірсең және одан мұны ұғуға көмек сұрасаң, ол сені түсінер ме еді?

«Егер дұрыс түсіндірсем...».

Ширатудың басталуын: «Мені бәрі ызаландырадыны» ЕСІҢЕ ТҮСІР.

Өзіңмен өзің сұхбаттас, өз эмоцияларыңның жетегінде кетудің орнына ішкі келісімге кел.

0
2459
0