Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:08, 30 июля 2010

Оралманның табысы қанша екен!

Өткенде танысыммен Екібастұз қаласының Тұрғын үй коммунальдық кәсіпорына бардым. Ол кісі Моңғолиядан келгенен соң баспана алу үшін кезекке тұрады. Бірақ өкінішке орай жаңағы ағам  бюджеттік қызметкерлер не оралмандық статустағы тізімде жоқ болады. Анық қанығын сол жердегі қызметкерден білсек ол кісі оралман ретінде тұрғын үйге кезекте тұра алмайды. Себебі ол кісінің оралман ретінде табысы жоғары дейді. Сонда былай ойладым сонда қарапайым мұғалім табысы.

Blog post image

Оралмандар қанша табыс табу керек. Өмір сүру нормасы қанша болу керек. Жат жерде бұндай қорлық көрмеп ем деді әлгі ағам кейіп. Бұл түкте емес нағыз сорақыны әлгі мекеменің басшысының алдындағы хатшыдан нағыз сорақыны көрдік.  Хатшыға барсақ қожайынына кіргізбейді. Жазылу арқылы дейді(Орысша). Әлгі ағам одан қазақша сөйлеуін сұрады. Хатшы бөлмесінде (Мемлекеттік тілде сөйлеу әр Қазақстан азаматының өасиеті борышы )  деп жазылыпты. Оны пысқырып отырған ол жоқ я не казашка деді. (кәріспа деп қалдым сол сәтте) Мәссаған жылайынба, күлейінбе дейді. Мен жұлып алғандай шала орысшалап Мы не в Росси это Казахстан деп қалдым. Солақ екен әлгім ладно если это Казахстан давайте запишитес деді. Не керек кездесуге жазылдық. Өз еліме келіп сұлтан болам деген қаншама қандастың осылай тауы шағылып жүргенін кім біледі. Осы оқиғадан түйгенім біздер отарлық саясаттың зардабын әлі шегіп келеміз. Соның әсерінен қара көз қазақтардың бір- біріне қырын қарайтын заман болды.

Сіздерден сұрайтыным араларыңызда заңгерлер болса Оралмандардың табыс көзі белгіленген дерек көз болса көрсетіңіздерші.

0
597
0