Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:53, 05 ноября 2015

ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ДІНИ-РАДИКАЛДЫ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ЖАСТАРҒА ЫҚПАЛЫ

Заманымыздағы технологияның қарыштап дамуының арқасында ақпарат алаңында үлкен өзгерістер орын алды. Күнделікті өміріміздегі болып жатқан жаңалықтармен негізінен қазір ақпараттық-әлеуметтік желілер арқылы танысудамыз. Оның ішінде ақпараттық кеңістіктегі жаңалықтар күнделікті өмірде өз маңыздылығын күшейтіп қана қоймай, қажеттілігі жағынан алдыңғы қатарға шықты. Сол дамыған бағыттардың бірі интернет кеңістігі. Интернетте қазіргі таңда сан-алуан түрлі дүниелерді таба аласыз. Осы дүниелерге әсіресе жастарымыз әуес. Үйден шықпай сауда-сатық жасап, тіпті алыстан оқыту жүйелері арқылы жоғары оқу орындарында тәмәмдауға болады. Әр нәрсенің жақсы тұсымен бірге қараңғы тұсы да болады. ХХ ғасырдың ІІ ширегінде халықаралық саясатта әйгілі болған діни-экстремизм мен терроризмге қатысты ақпараттарға халқымыздың да құлағы үйреніп қалды.

Ендігі мәселе қоғамымызда діни ақпараттық кеңістікте әлсіз қабаттардың бірі болып табылатын жастарға келсек. Жалпылай алғанда қазіргі жастардың арасында дін уағызшылары жоғары беделге ие. Егемендіктің алғашқы жылдарында радикалды бағыттардың идеялары негізінен әртүрлі ошақтарда таралды. Олардың ішінде кейбір діни ошақтар, білім мекемелері, жасырын үйлер мен дәрісханалар мен намазханалардың да рөлі айтарлықтай маңызды орында болды. Соңғы онжылдықта интернетке қосылып, мемлекетіміз тарапынан жүргізіліп отырған саясаттың арқасында халқымыздың да ақпарат саласын пайдалана бастағаны белгілі. Ендігі кезекте осы алаңда болып жатқан процесстерде діни ақпараттардың електен өткізу жүйесі бізде әлі қалыптасқан жоқ. Осы орайда интернетте шығып отыратын кейбір жалған ақпараттардың салдарынан локальдық шиеленістердің шыққаны да белгілі. 2010 жылы Солтүстік Африка елдерінде басталған саяси толқуларда интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерді пайдалану үрдісі қалыптасты. Осы төңкерістерге кейбір діни негіздегі жамағаттар мен қозғалыстардың қатысқаны да белгілі.

Жалпы интернет алаңындағы ең танымалы тақырыптардың бірі бұл «жихад» «қасиетті соғыс» мәселесі. Аталмыш тақырыпта шыққан роликтермен, аудио материалдар жастардың санасына бақылау (манипуляция) жасап, олардың шиеленіс аймақтарына кетуіне себеп болады.ӨИҚ террористік ұйымына тиесілі электрондық сайтындағы ақпараттарға жасалған мониторингтің нәтижесінде Ауғанстан территориясында 2011 жылы қаза тапқан содырлар туралы ақпараттарына талдау жасалды. Сайттаолардың өмірбаяны мен жасаған іс-әрекеттері туралы мұсылмандарды еліктіруші ақпараттар берілген. Осы ақпараттарда қаза тапқан ұйым мүшелерінің қазаларын ерлікпенен мадақталып, олардың жолына түсуге шақыратын үндеулер жарияланған.

Ендігі кезекте өзектілігі жағынан жихад тақырыбынан кейінгі орындағы тақырып бұл «ислам мемлекеті» мәселесі. Мемлекеттің құрылымы ислам діні негіздеріне, әсіресе шариғатпенен басқарылмаған мемлекеттік құрылым басшылары мен оның халқын кәпірге шығару теріс пиғылды бағытты ұстанатын жастардың арасында кеңінен қалыптасып келе жатқан дүние. Радикалды бағыттардың ішінде зайырлылық ұғымын, дінсіздік деп түсініп оны басқаларға шайтанның билігі деп үгіттейтін шала сауатты дін ілімдерінен дәріс алып жүрген жастарда кездеседі.

Сонымен қатар интернеттегі исламдық сарындағы форумдар мен блогтарда талқыланылатын тақырыптардың бірі ислами ілімдерді іздеу және оларды алудың жолдары туралы пайдаланушылар арасында жиі қайталанады. Жүргізіліп отырған мониторингтің арқасында ТМД елдерінің ортақ интернет порталдарындағы жастар өз отандарындағы діни білім берудің деңгейі төмендігіне наразылық кейпін танытатыны байқалады. Сәләфилік бағыттағы жамағат жастарының арасында таза ислами ілімдерді Сауд Арабиясы мен бірге басқа араб елдерінен ғана алуға болады деген сөздер кездеседі. Тіпті кейбір сәләфилік бағыттағы уағызшылардың ішінде ТМД елдерінде ислам дінінің ілімдерін жоғары деңгейде меңгерген дін ғалымдары жоқ деген пікірлер қалыптасқан. Осыған орай еліміздегі осы бағытты ұстанған жамағат мүшелері имамдарымызды тыңдаудан қашып, ақпараттық құралдар арқылы шет елдердегі өздерінің ұстаздарын ғана соқыр сенімменен тыңдап жүргені байқалады.

Бұндай ақпараттар интернет порталдарында жастар арасында әйгілі Фейсбук, Твиттер, Мой-Мир әлеуметтік желілері мен Ю-туб және т.б.видеохостингтердегі видео-аудио, материалдар жеке пайдаланушылар тарабынан жүктеліп алынып, қарапайым телефондар арқылы мектеп оқушылары, колледжбенен университет студенттерінің арасында және т.б. саладағы жастардың арасында таралуда. Бұл материалдарға сараптама жүргізе келе заманымыздағы діни бағыттардың психологиялық әсер ету мен тыңдаушының сана-сезіміне бақылау жасау тәсілдерін жақсы меңгерген байқауға болады. Негізінен видео-роликтердің ұзақтығы 1 минуттан 10 минут аралығындағы болып келеді. Яғни адамның сыртқы ақпарат қабылдау мүмкіншіліктері осы 10-15 минуттың аралығында жақсы қабылдануы педагогтар арасында белгілі дүние.

Жалпы интернет кеңістігіндегі жылдамдықпен шығып отырған сан-алуан ақпараттарды дінтанушылар мен исламтанушылар өңдеп үлгірмеуде. Осы әлсіз жерімізді тиімді пайдалана алған бағыттар күннен- күнге заманға қарай бейімделіп, діни эволюция процессіне ұшырап дамып отыр. Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында радикалды бағыттардың бет пердесін ашып, негізгі мақсаттарын анықтап, оны халыққа түсіндіргеніміз жөн.

Сайттарда жастардың бастауымен жаңа айдарлар ашылса, дәстүрлі ислам дінінің дамуына айтарлықтай серпіліс берер еді. Мысалы үшін шет елдік интернет сайтардың блогтар, форумдар бар сол қалыптасқан үрдістің жақсы жақтарын пайдалану қажет.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы

А.Е. Ескалиев

0
1138
0