Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:56, 11 октября 2015

ТӘКФІРШІЛДІК – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ҰҒЫМҒА ЖАТ АҒЫМ

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің сарапшысы

Утемисов А.Т.

ТӘКФІРШІЛДІК – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ҰҒЫМҒА ЖАТ АҒЫМ

Қазақстанда бүгінгі таңда өздерін сәләфилікке жатқызатын негізгі 2 идеялық бағыт бар. Олар: тәкфіршілдік пен мадхализм.

Тәкфіршілдік дәстүрлі емес бағытқа жатады. Тәкфіршілдік өз атауын «Ат-такфир уаль-хиджрадан» (күпірлікке айыптау) алады.

Бұл ұйым Еуро Одақ елдерінде, сондай-ақ көптеген мұсылман елдерінде де тыйым салынған «Мұсылман бауырлар», немесе «Ихуана муслимин» атауымен белгілі лаңкестік ұйымының идеологиясына негізделген.

Тәкфіршілдіктің негізін қалаушы Саид Кутб (1906-1967) пен Мұстафа Шукри болып табылады. Бұл аталған тұлғалар дәстүрлі Әшғарилік сенімнің өкілдері және саяси радикалды методологияны жасаушылар. Бұл ұйымның қозғалысына 1970-1980 жылдары олардың жақтаушысы, одан әрі тәкфір теориясын сәләфилік сеніммен бірге қоса дамытушы, Абдассалям әл-Фарағ үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта тәкфіршілер және жоғарыда аталған мадхализм өкілдерінің арасында теологиялық мәселелерде ұқсастықтар кездеседі.

««Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымының атауы екі сөзден тұрады. Ол «такфир» және «хиджра». «Такфир» – кәпір немесе дінге сенбеуші деп айыптау. Тәкфіршілер бүтіндей мемлекетті «кәпір» деп айыптап, ондағы қызмет ететін билік өкілдерн «тағұт» деп есептейді. Өз кезегінде бұл мемлекетке джихад жариялауға себеп болады. Ал «хиджра» сөзі тәкфіршілер үшін зайырлылық қағидаларын ұстанушы қоғамнан алыстап немесе бөлектеніп, басқа мемлекетке (көбінесе мұсылман мемлекеттеріне) дін сақтау үшін жер аудару.

Ал Қазақстандағы экстремизм мен терроризм шабуылдары, бізге белгілі, еліміздің батыс аймағынан басталды. Қазақстандағы лаңкестіктің бастауына бірден-бір себепкер тәкфіршілдік және оның Қазақстандағы өкілі Абдухалил Абдужаппаров.

Бұл аталған тұлға қазіргі қоғамда өзгені кәпірлікпен айыптаушы топтардың бас идеологтарының бірі. Аталған идеолог «Шейх» Халил есімімен таныс.

Тәкфіршілер геосаяси ойыншылардың Қазақстанда бүлік (араб. фитна) жасауды мақсат еткен жоспарларының орындалуына және еліміздің аймақтарының бақыланатын тетіктерін өз қолына алуға таптырмас құрал болды. Тәкфіршілердің идеологиялық жоспары бойынша барлық мәселе, барлық бүлік «кім нағыз мұсылман» деген сұрақтан басталады. Бұл мәселе исламдағы «иман» және «күпірлік» мәселелері тақырыптарына келіп тіреледі. Кейбір ғалымдардың пікірінше сенім – бұл куәлік (кәлима) етіп, жүрекпен бекітумен ғана аяқталмайды, ол амалмен (іс-әрекетте) жүзеге асуы тиіс. Тәкфіршілер ең алдымен намаз оқуды адамның иманының басты шарты деп есептейді және намаз оқу, оқымау критерийі бойынша адамның «мұсылман» немесе «кәпір» деп баға береді. Егер кімде-кім өзін мұсылманмын деп санап, алайда намаз оқымаса тәкфіршілер оны дінге сенбеуші (кәпір) деп айыптайды. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде куәлік (шахада) айтқан адамды мұсылман деп есептейді.

Сонымен қатар, тәкфіршілер өзінің ата-анасын, туған-туыстарын да күпірлікке айыптап, олармен қарым-қатынасын толығымен үзеді. Өз кезегінде «кәпір» деп айыпталған адамдар «джихад» жариялаудың объектісіне айналып, джихадтың шариғи түсіндірмелері өрескел бұзылады.

Тәкфіршілердің Қазақстанға таралған тәжірибесі зайырлы мемлекеттің зайырлылық принциптеріне негізделген заңдарына қарсы келумен тығыз байланысты. Мәселен 2014 жылдың қазан айында екі бірдей оқиға орын алды. Оның бірі Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны өзінің 6 жасар қызын мектепке хиджабпен кіргізбей қойғаны үшін оқуға жібермей қойған. Екіншісі, Ақсай қаласындағы №3 орта мектептің аталмыш білім ордасында орамал тағуға тыйым салатын жарғысын заңсыз деп тану туралы Кенжеғалиева А. азамат шағымарыз түсірген болатын. Бұл шағымға ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»Заңы 3-бабының талаптарына сәйкес діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие. Сондықтан сот пен прокуратура орамал тағуға тыйым салған жарғыны басшылыққа алған мектеп әкімшілігінің әрекеттерін дұрыс деп тапқан болатын. Мұндай оқиға еліміздің батыс аймағында көптеп орын алады. Бұл құбылыстар орын алуы «шейх» Халилдің және оның ізбасарларының ісінің нәтижесі екені белгілі.

Қазақстанда тәкфіршіліктің идеологтары қатаң мұқияттылықпенен сауатты зерттеген. Бұл ұйым өз идеологиясын насихаттауда, өз ізбасарларының санын арттыру мақсатында аналогиялық схемадағы сектанттардың қағидаларына негізделген әдістерді қолданады. Алдымен ислам атын жамылып, әлемді ақ пен қара деп бөледі. Қара жерлерді зұлымдық деп көрсетеді. Сонымен қатар, шынайы ақпараттарды бұрмалап, оған күмәнмен қарауды күш көрсету арқылы үйретеді. Мәселен, тәкфіршілер дәстүрлі ислам дінінің ғалымдарын «муруджийа» яғни «әлсіз мұсылман» деп айыптайды және мұндай теріс пікірге өз пікірлерімен келіспегендерді де айыптайды. Сондай-ақ, керітартпалықты, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, қоғамның негіздерінен бас тартуынан, мұсылмандық ілім-білімде объективтілікке жол беруінен тәкфірлік элеметтерді көруге болады. Олар туған күнді атап өту, атаулы діни мерекелер мен діни жораларды, танымал адамдарға ескерткіш орнату, мазарлар тұрғызуды жоққа шығарып, «бидғат » деп айыптайды. Мұндай дәлелсіз айыптау немесе олардың тілінше «тәкфір» жариялау исламның ұстанымдарына қайшы келеді. Ал біреуді кәпір деп тану үшін Алланы мойындамау, Құранды жоққа шығару немесе Пайғамбарға тіл тигізу секілді үлкен күнәларды жасаған болуы керек және арнайы ислами білімі, өмірлік тәжірибесі бар адам болуы шарт.

Қорытындылай айтқанда, тәкфіршілдік керітартпалық, мемлекетті және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған, ислам дінінің атын жамылып, оның негізгі құндылықтарын бұрмалап түсіндіруді мақсатт еткен қозғалыс екенін түсінген жөн. Тәкфір жариялау мен қарулы джихад ұғымы арқылы кез-келген мемлекеттің тыныштығын бұзатындығын қазіогі Сирия, Ливия, Ирак скеілді мемлекеттердің жағдайынан көруге болады.

Сондықтан, «Ат-такфир уаль-хиджра» ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салынуы еліміздің баяндылықта, бейбітшілік пен татулықта өмір сүруіне деген маңызды қадам болып табылады.

 
0
914
0