Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:09, 09 октября 2015

ӘЛЕМГЕ ТӨНІП ТҰРҒАН ҚАУІП: ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Талдау жұмысы бөлімінің аға сарапшысы

Еденбаева М.М.

ӘЛЕМГЕ ТӨНІП ТҰРҒАН ҚАУІП: ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отырған, бұл бүкіл әлемнің әлеуметтік, саяси және т.б. жағдайларына ықпалын тигізіп отырған діни экстремизм мен терроризм.

Экстремизм мен терроризм терминдері бүген немесе кеше пайда болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихи тамыры терең. Қазіргі кезде экстремизм мен терроризм деген ұғымдардың кеңінен таралып отырғанын атамай кете алмаймыз.

Экстремизм – бұл (латын сөзі, extreraus - «шеткі») адамның басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жолын ұстануы. Ал, терроризм (лаңкестік) - (латын сөзі, «terror» - үрей, қорқыныш) қорқыту, өлім жазасына берумен үркіту, өлтіру және барлық сұмдық қаталдықтар, яғни, экстремизмнің шеткі көрінісі болып табылады.

Бүгінгі таңда терроризмнің таралуының себепші факторы ретінде діни фундаментализм сөзі көптеп кездеседі. Діни фундаментализм – бұл  мәдениеттегі құлдырау құбылыстарына, жағдайларына қоғамдық организмнің заңды реакциясы болып табылады.

Негізінен, терроризм, шайқас алаңында жеңбейді,ол адамның ішкі психика дүниесінде жеңеді. Яғни, адамның мінез-құлқын өзгертуі үшін оларды өлтіріп, жарақаттау міндетті емес, тек олардың саналарының құрылымы мен күйін өзгерту керек.

Бүгінгі терроризмнің ерекшелігі террорлық әрекетті жоспарлау, нақты операцияларды дайындау мен жүргізу, халықаралық және аймақтық басқару органдарын қалыптастыруында.

Сондай-ақ, олар қоғамда үкіметке қарсы көңіл-күй тудырады, әлемнің түпкір түпкірінде өткізетін операциясының сәтті өтуі үшін арнайы орталықтар дайындайды, фирма, компания, банк, қорлар тармақтарын құрады, сонымен қатар олар террористерді қаржыландырады және т.б. іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Қазіргі таңда, терроризммен қатар діни экстермизм де белең алуда. Экстремизмнің пайда болуы сауатсыздыққа, надандыққа бейімделген көзқарастардан туындайды. Олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгелердің пікірлері бұрыс дегенге саяды».  Осыдан басқа көріністерінің бірі – ол басқаларды көре алмаушылық, түсінбеу, түсінгісі келмеу. Олар өздерінен басқалардың барлығын адасушыларға жатқызады. Олардың ойы бойынша таза, кіршіксіз болып тек қана өздерін санайды. Сонымен қатар, олардың тағы бір ерекшелігі олар тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі қақтығыстар,төңкерістер, дау жанжалдар мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

Осы экстремисттік ағымдардың қатарында жүрген адамдар өздерінің мақсаттарына жету үшін ешнәрседен бас тартпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге де дайын. Осылайша, олар күш пен қару қолданып, заңдардың барлығын аяққа таптап, дін атын бүрмеленіп, өз мақсаттарына жетуге тырысады.

Экстремизмнің пайда болу себептерін сарапшы мамандар әр түрлі деп түсіндіреді. Олар: елдің экономикалық тоқырауынан, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуінен, мемлекеттік басқару жүйесінің өзгеруінен, ұлттық қанаудан және т.б.

Экстремизмнің қоғамда одан әрі белең алуына әсер ететін факторлар ретінде халықаралық және мемлекеттік жүйеде экстремизмге қарсы күрестің осалдығы, халықтың саяси-құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастардың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістердің көбеюі мен халықтың діни сауатының төмендігін айтып кетуге болады.

Елбасымыз «Қазақстан жолы - 2050» атты халыққа Жолдауында «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі» деп атап айтты. Демек, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды бағыттары ретінде қоғамдық келісімді одан әрі нығайтып, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті күшейту қажет. [1]

Осы бағытта мемлекет алдына ауқымды міндеттер қойылып, елімізде қыруар жұмыстар атқарылуда. Экстремизм мен терроризмге қарсы күресте құқық қорғау органдары белсенді атсалысуда. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, мешіттер мен имамдар, діни оқу орындары қазақ қоғамын гүлдендіру жолында, дәстүрлі ислам дінінің кең етек жайып, оның құндылықтарын насихаттауда сүбелі жұмыстарын атқарып келеді.

     
0
3314
0