Yvision.kzYvision.kz
kk
Qaz
Qaz
492 постов4 подписчика
5
08:07, 18 ноября 2015

Менің сүйікті командам..

Қазіргі таңда "глор" немесе "глорхантер" деген термин сөздер үйреншікті болып кетті. Және ол сөздер көбінесе Дортмундтық Боррусия, ПСЖ және Манчестер Сити секілді клубтардың жанкүйерлеріне көп айтылады. "Әр пайғамбар өз тұсында" демекші, бұл клубардың жанкүйерлерінің қазіргі таңда көп болуы қарапайым табиғи құбылыс. ПСЖ және МС клубатарның қалталарының қалыңдауына байланысты пайда болған жеңістері мен жетістіктері қарапайым жанкүйердің жүрегін өзіне әрине бөлейді. Мысалы, қазір 13-15 жас аралығындағы балаға сен Лионның жанкүйері болшы десең, ол қандай клуб, қайда ойнайды деп айтып бетіңе басып салады. Таңғалатын ешнәрсе жоқ. Бәрімізде бала болдық. Бәрімізде футболға қызығып, әлсін-әлсін қызығушылық танытып жүрген шағымызда, клубтар мен футболшылардың атын құлаққа сімере бастаған кезде, қандай клубтың есімі естілді, қандай ойыншы ұнады, сол бетімізбен сол ойыншыға, клубқа жанкүйер болып кеттік. Бұл менің ойымша, әркімнің маңдайына жазылған нәрсе, тағдыр. Мен осы азғантай ғана өмірімде, оның ішінде 10 жылдан астам уақыт футболға қызығушылық білдіріп, жанкүйер бола бастаған сәттен бастап, "Мен Ювентусты әдейі таңдадым, Баварияны өзім таңдадым, көөөп ойланып Реалға жанкүйер болайын деп шештім"-деген адамды кездестірген емеспін. Бәрімізде сол уақытта қандай команда мықты, жеңімпаз болды соған жанкүйер болдық. Ал олай болмаса, неге қазіргі балалар Барселона мен Реалға, Баварияға жанкүйер? Неге олар Лидс Юнайтедке, Валенсияға, Мюнхенгладбахтың Боруссиясына жанкүйер болмайды?

Blog post image

Енді өзіме тоқаталатын болсақ, менің де бір командаға жанкүйер болуыма себепші ол футболшы болды.. Ала допты енді-енді теуіп, футболға қызуғышылық танытып жүрген кезіміз, 2002 жылдың жаз айы. Әлі есімде, Әлем Чемпинонатының кезі. Сол кездегі Түркияның футболшылары естеріңізде ме? Хакан Шүкюр, Үміт Давала, Хасан Шаш.. Жартылай финалға дейін барған бұл құрама Бразилиядан ұтылып, 3-орын алған еді. Бұл Түркия футбол тарихындағы "Алтын кезең" еді шіркін.. Сол мезетте, футбол ойнам жүріп өзімді "Мен Үміт Даваламын" дейтінмін.. Сіздер ойлап отқан боларсыздар, қазір Галатасарайдың жанкүйерімін деп айтады деп, жоқ.. Бұл кезде клубтардың аты түкіл, футболшылардың есімдері әзер есте қалатын..

Blog post image

2004 жылдың жазы айы. Еуропа біріншілігі. Әжептеуір ес жинап қалған кезім. Чехия құрамасы сапында сол Еуропа біріншілігінде ең үздік бомбардир болған, Милан Барош болып ойнайтынмын, футбол алаңында. Кезекті Чехия құрамасының ойынын қарап отырғанда(енді мен Милан Бароштың жанкүйері болып жүрген соң Чехтарға қолдау көрсетіп жүрдім ғой:)), комментатордың Милан Барош Ливерпульдың шабуылшысы дегені құлағыма сақталды. Иә, иә.. Милан Барош, Ливерпуль..

Blog post image

Уақыт өтіп жатты, 2005 жылдың басында, кешкісін теледидар қарап отырсам, футбол болып жатыр екен. Ол кезде футбол НТВ каналы көрсететін, Ливерпуль-Ювентус.. Мен Ливерпульға болысам, онда Милан Барош ойнайды себебі. Иә, бұл сол Чемпиондар Лигасының 1/4 кезеңі болатын. Сосын жартылай финалдағы Челсиді тізе бүктірген фантом-голдыңда куәсі болдым. Ол кезде Чемпионадар Лигасы деген қандай турнир, білмейміз, әйтеуір теледидардан футбол болса қуанамыз, көреміз. Стамбұлдағы финалда әрине мен кімнің жанкүйері болатынымды таңдаған жоқпын.  Бірінші тайм біткен уақытта, әкем маған: "Бітті, болды, осылай бітеді" деп, барып ұйықтап қалды. Ешнәрсе ойымда жоқ, мен ары қарай көріп отыра бердім. Қатарынан 3 гол салынғанда, мен үйде секіріп жүрм, айғалай алмайм. Әкемнің қасына барып ақырын: "Папа, 3-3" дедім, ол естіп-естімегендей пейіл танытты да жата берді. Жеңіс, қуаныш сезімдері, ғажайып түн әрине. Сол мезетте түсіндім. Бұндайда болады екен-ау,  бұл не деген команда.. Сол кезде нағыз скаузер болдым.

Blog post image

Сол жылдан бері міне 10 жыл өтті. Әрине мен 2005 жылдан бері үзбей матчарды көрдім, ойыншыларды жатқа білем деп мақтана алмайм. Себебі ол кезде мен әлі баламын, ойым далада, ойым доп қуу болатын. 2006 жылы Ливерпульдің Англия Кубогін ұтқанын да білген жоқпын. 2007 жылғы Чемпиондар Лигасындағы қызықты ойындарын, финалды да көрдім, куәсі болдым. Бірақ Англия Премьер-Лигасы, Англия Кубогі деген сиақты турнирлерден беймәлім болдым.

Blog post image

2008 жылдан бастап интернет пайда бола бастады, газет-журнал болған соң мәліметтерді көбірек біліп отырдым. 2008-2009 жж. 2-орын алып қалған сәтте есімде.. Алонсоның Реалға кетуі, Бенитездің кетуі.. Бәрі бәрі есімде.. Сол жылдардан бастап, үзбей ойындарын жібермеуге тырысам..

Міне осындай кішкене ғана, бір футболшының арқасында, мен Англиянының тарихындағы Еуропадағы үздік нәтиже көрсеткен, ең лауазымды командалардың бірі - Ливерпульдің жанкүйері болдым. Ливерпуль қанша рет Чемпион болғанын, қанша рет Чемпионадар Лигасын ұтқанын, Кубоктар алғанын, ештеңесін жазбайм. Білгісі келетін адам, өзі тауып, оқып біліп алады.

Ең басты сұрақ: Неге Ливерпуль?

Менің көп замандастарым Реалға, Барселонаға және Манчестер Юнайтедке, Арсеналға жанкүйер.

Иә, Ливерпульдің қазіргі таңда жанкүйлер көр емес, Ливерпульдің жанкүйері болу мода емес, тренд емес.. Қазір тренд Барсаның, Реальдың жанкүйері болу. Инстаграммдағы парақшаларына формасын киіп түскен сүреттерін қойып, "Хала Мадрид" деп жар салатын жанкүйер істпеттес достарымыз да, құрбыларымызда баршылық..

Иә, Ливерпульдің сапында Криштиану Роналду, Месси ойнамайды. Ливерпульға ондай мықты ойыншылар ойнауға да бармайды. Бірақ, Ливерпульда мектеп бар, ол осы әлемге мықты футболистерді әкелді. Алысқа барып, сіздерге Иан Раш, Кенни Далглиш секілді лауазымды және рекорд жасаған футболшылардың атын айтпай ақ қояйын. Бірақ менің замандастарым ішінде Робби Фаулерді, Майкл Оуенді, Джейми Каррагерді, Стивен Джеррарды білмесі жоқ шығар. Каррагер мен Джеррард - адалдықтың нышандары. Қазір таңда, футбол әлемінде өте сирек кездесетін қасиетке тән футболшылар. Бәлкім, олар сол Чемпиондық титулды ұтпаған болар, бірақ сол атақ, даңқ үшін, өз командасын, сеніммен қараған жанкүйерлерін, өз қаласын сатып кеткен жоқ. Дзанетти, Франческо Тотти секілді футболшылармен бір сатыда тұратын ойыншылар.

Иә, Ливерпульда үлкен атақ, мансап, даңқ жоқ шығар, Реал Мадрид пен Барселонадағыдай. Иә, Ливерпуль олар секілді 100 миллионға еуроға бір ойыншыны алып, әлемдегі ең таңдаулы футболшыларды алаңға шығара алмайтын шығар. Бірақ Ливерпульдің қатарынан жас дарындар, таланттар шығады. Болашаққа сенім бар. РМ, МС командалары болашақта да қалаған ойыншыларын сатып ала саламыз дейтін болар бәлкім. Бірақ ақша мәңгі емес..

Иә, Ливерпульдің Кампноу, Сантьяго Барнабеу секілді 70-80 мыңдық стадионы жоқ. Бірақ Ливерпульда Энфилд бар. Онда жанкүйерлер сүйікті командасының ойынын тамашалауға келеді, жеңіліс болсын, мейлі жеңіс болсын. Онда басқа стадиондардағыдай Мессиге, Роналдуға қарауға келмейді. Сүйікті командасын көруге келеді. Бір адамдай әнұран шырқайды.

Blog post image

Ливерпульдің жанкүйерлері ерекше, сезімтал, жүрегімен сезеді. Олар 20 жылдан астам уақыт Чемпион боламасада күтеді, сенеді. Олар команданың жұлдызды ойыншылар, бапкерлер сатып алғанын талап етпейді. Кез-келген адам Ливерпульдің жанкүйері бола бермейді. Ол ауыр таңдау. Ливерпульді таңдау - талай қызықтарға, шытырман матчтардың куәсі болуға, өкінішке, қуанышқа дайын болу.

Біз Ливерпульдің жанкүйерлеріз, біз қарапайымбыз. Біз бірінші орынға адалдықты, рухты, намысты, жігерді, тарихты.. ең бастысы клубты қоямыз. Біздің ең басты байлығымыз Ливерпуль командасы, жанкүйерлер, тарихымыз, әнұранымыз.

Blog post image

"Ливерпуль, сен ешқаншан да жалғыз болмайсың!"

P.S. Я написал на своем родном языке, на государственном языке. Не подумайте что я нацист, делаю это нарочно, и что-то в этом роде. Я просто националист. Я волнуюсь за свой язык. На том сайте, а именно в спортивной тематике. Я хорошо владею русским, этот же текст могу донести на русском. Но думаю, и на казахском языке я донес то, что в душе, и ответил на главный вопрос.

5
3788
7