Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:58, 16 сентября 2015

«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда өтеді

Blog post image
Қазақ хандығының 550-жылдығын мерекелеуге арналған «Еуразия Барысы»  үшінші халықаралық турнирі Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 9 қазанда сағат 11:00-де басталады.

Боз кілемге Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан палуандары шығады. Әр команда бапкер, жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары 55 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін, 100 келіге дейін, +100 келі.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі.  Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды. Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» және «Қазспорт» арналарынан тамашалай алады, деп хабарлайды sports.kz.

 
0
400
0